Объявления Серпін

СЕРПІНLIFE

2016-10-04 13:04:24

10 1ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ

ЖАҢА ЖОБА......

"СЕРПІНLIFE" ҚАЛЫС ҚАЛМАҢЫЗДАР!

#serpin2050 #serpinlife #wksu #тәуелсіздікке25жыл #2016 

«Қазақстан-2050» Стратегиясы - Мәңгілік Ел Жастары көзқарасымен» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

2016-04-12 04:32:54

serpinКонференция мақсаты: оқушы және студент жастардың Мәңгілік Ел индустриясының дамуы әрі жаңғырту үрдістеріне деген ғылыми-теориялық көзқарастарын қалыптастыру;

-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Мәңгілік Ел-Ұлттық идея мұраттарын, «Қазақстан- 2050» Стратегиясының өзекті негіздемелерін, талдауға үйрету;

-жастардың мемлекеттегі жаңғырту үрдістерін шынайы-сыни бағытта зерделеуге бағыттау, жобалау - зерттеу машықтарын дамыту;

-белсенді азаматтық ұстанымдарды калыптастыру, жеке тұлғаларды әлеуметтендіру.

Серпін оқиғасы

«Серпін» жастарының жиналысы өтті

2018-02-06 11:48:43

2018 жылдың 6 ақпан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде "Мəңгілік ел жастары индустрияға!"-"Серпін-2050" əлеуметтік жобасы негізінде білім алып жатқан 1-курс студенттері мен жоғарғы курстың белсенді студенттерінің басын қосқан жиын өтті. Жиын барысында "Мамандық сардарлары" лауазымына студенттерді тағайындау жайында сөз етілді. Аталмыш сайлау кеше ғана университет табалдырығын аттаған 1-курс студенттеріне мол мүмкіндік əкелетіні сөзсіз. Атап айтқанда, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту, кіл жүйріктер арасында жүріп көшбасшылық қабілетті дамыту, көптеген достар табу жəне де ең бастысы - студенттік өмірді тəтті естеліктермен есте қаларлықтай етіп өткізуге ықпал етеді."Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізілгелі отырған бұл сайлауда 15 мамандықтың сардарлары тағайындалмақ. Бүгінгі жиынға қатысқан 50-ге жуық студенттердің басым көпшілігі сайлауға қатысуға ниет білдірді.

«Серпіліс» спартакиада

2018-02-05 11:10:12

2018 жылы ақпан айының 3 күні   «Мәңгілік ел жастары - индустрияға»  «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасы негізінде оқуға түскен студенттердің демалыс күнін ұйымдастыру, студенттер арасында  достық қарым-қатынасты нығайту барысында қысқы спорт түрлерінен «Серпіліс» атты спартакиадасы   университет спорт алаңында өткізілген болатын. Сайысқа 4 команда қатысты. Спартакиада  "Қызыл ту" ойынымен жалғасын тапты. Ойынның басты шарты команданың қарсылас жақта тұрған өзінің туын шекараға өтіп барып алып келу болды. Екі қарсылас команда да қақпада тұрған туды алдырып қоймау үшін түрлі кедергілер келтірді. Нәтижесінде сол кедергілерден мүдірместен өтіп, жалауын көкке көтерген «Достар» тобы команда жеңіске жете білді. Ойын өте қызықты әрі тартымды болды.

Жатақхана кубогі

2017-12-15 12:38:31

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 1-3 күндері аралығында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің спорт сарайында «Тұңғыш президент» күніне орай студенттер арасында «Жатақхана кубогі» атты спартакиадасы болып өтті. Спартакиадаға №2 жатақхана студенттері қатысты. Сайыс өте тартысты өтті. Әр топ өзінің спорттық киімдерімен ерекшеленді. Қараша айының 30-жұлдызы күні спартакиаданың ашылу салтанаты болды. Әрі қарай шара қыздар арасындағы волейбол турнирімен жалғасын тапты. Алғашқы сайыста өзінің мықтылығын дәлелдеген 4-қабаттың қыздары 1-орынды иеленді. Желтоқсанның алғашқы күнінде де футбол сайысында бақ сынасуға әр қабаттың тарландары барын салды. Нәтижесінде 7-қабаттың жігіттері жеңіске жетті.

"АЛАМАН" республикалық фестивалі

2017-12-13 13:10:54

"АЛАМАН" республикалық фестивалі

"Тəуелсіз елдің ұландарын,
Серпіндердің қырандарын,
Қарсы ал Астана

Ақжайықтың жалынды жастарын"- атты ұранмен университетіміздің Серпін жастары 8 желтоқсан күні Астана қаласында өткен "АЛАМАН" республикалық фестиваліне қатысқан болатын. Мəңгілік елдің жалынды жастары ел ордадағы көркем ғимараттарға саяхат жасады. Әр өңірдің басын Елордамыз Астананың төріне қосып, өнер мен білімнің шыңдарына шыққан тәуелсіз елдің ұландарының бір арнаға тоғыстырған күн болды.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» - «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы аясында білім алушы студенттері туралы ақпарат

2017-11-16 13:25:00

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» - «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы аясында білім алушы студенттері туралы ақпарат

«Мәңгілік Ел жастары – индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы қазақстандық жастардың, оның ішінде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, және Маңғыстау облыстарының жас­тарын техникалық-кәсіптік білім алуға және тұғыры биік тәуелсіз елдің аса маңызды индустрияландыру бағдарламасына кең көлемде қатыстыру, жастарға тұрғыны аз солтүстік, батыс және шығыс аймақтарында тегін білім алуына мүмкіндік беру, сол өңірде жұмыс жасап, тұрақтап қалу саясатын негізге ала отырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін 2050» әлеуметтік жобасын жүзеге асырды.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla