Иванов оқулары – 2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Жаратылыстану-география факультеті

 

Ақпараттық хат

 

Құрметті әріптестер!

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Сіздерді 2019 жылдың 26-27 қыркүйегі күні өтетін «Иванов оқулары – 2019» аясында көрнекті ғалым, профессор Мария Максимовна Фартушинаның 90 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Солтүстік Каспий маңы флорасы мен фаунасының биологиялық алуантүрлілігі;

2. БҚО-ның табиғи, тарихи-мәдени мұралары;

3. Жаратылыстану пәндерін оқытудың қазіргі әдістемелік аспектілері.

Конференция мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Конференция материалдары тура көшірме жасалған ғылыми жинақ түрінде басып шығарылады.

Конференцияға қатысу үшін 2019 жылдың 22 қыркүйегіне дейін ұйымдастыру комитетіне төмендегі құжаттарды жіберуіңіз қажет:

- конференцияға қатысу туралы өтініш (өтініш үлгісі төменде берілген);

- ұйымдастыру жарнасының төленуі жөніндегі түбіртектің сканерленген көшірмесі.

- This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштаға жіберілген мақала;

Конференцияға қатысушыларға мақалаларын материалдар жинағына жариялау үшін ұйымдастыру жарнасы 3000 теңгеніқұрайды.

Банк реквизиттері: «ҚР Халық банкі» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы, ЖСК KZ176010181000011617, БСН HSBKKZKX, БСН 000340002393, Кбе 16.

Төлем мақсаты: «Бірінші автордың фамилиясы»,«Иванов оқулары – 2019»конференциясына қатысу үшін».

Конференцияға қатысу шығындары қатысушының өз есебінен немесе жолдаған мекеменің есебінен төленіледі.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 162, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, жаратылыстану-география факультеті, №5 оқу ғимараты, «Биология және экология» кафедрасы, 34 каб., тел.: 8 (7112) 50-35-49.

 

Конференция материалдарына қойылатын талаптар:

Баяндамалар мәтіні Word 2003-2010 мәтіндік редакторында А4 (210 х 297 мм) форматта, «Times New Roman» шрифтісімен терілу қажет (шрифт өлшемі – 14 пт, жоларалық қашықтық – 1 см, жоғары және төменгі жиегі – 20 мм, сол және оң жақ жиегі – 30 мм).

Мақаланың жоғарғы сол жақ шетіне ӘОЖ (әмбебап ондық жүйе) индексі жазылады. Бір жол тастап жол ортасында мақала аты қою бас әріптермен жазылады.

Одан кейін 1 жол қалдырылып автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы көрсетіледі.

Келесі жолда курсивпен автордың қызмет орны, орналасқан қаласы, электронды поштасы көрсетіледі. Егер авторлар әртүрлі мекемелерден болса, реттік тәртіппен жақшаға алынған мекеме нөмірі қойылады.

Мақаланың негізгі мәтіні 2 интервалдан кейін жаңа жолдан басталады (ені бойынша түзеу, жаңа жол бойынша түзеу – 1 см). Жаңа жолды (абзац) Тab немесе Бос орын (пробел) батырмалары арқылы қоюға болмайды.

Мәтіннің соңында 1 жол тастап жол ортасында қою әріптермен Әдебиеттер сөзі жазылады. Әдебиеттер тізімі МемСТ 7.05-2008 сілтеме ретімен беріледі (12 пт шрифт).

Графикалық материалдар ақ-қара түсте JPEG форматында жасалады. Беттің бағдарлануы – кітаби (кестелер мен суреттерді қоса алғанда). Суреттердің аттары мен нөмірлері оның астында, ал кестелердің аттары мен нөмірлері оның үстінде беріледі, формулалардың оң жағындағы нөмірлері көрсетіледі. Мақалада және әдебиеттер тізімінде нумерацияны автоматты түрде қоюға болмайды. Әдебиеттерге сілтемелер квадрат (шаршы) жақшамен, ал суреттер мен кестелерге сілтеме дөңгелек жақшамен келтіріледі.

Мақаланың көлемі 3 беттен кем емес және 5 беттен аспауы тиіс.

Электрондық нұсқада файлдың аты бірінші автордың тегі және мақала атауының алғашқы үш сөзінен құралуы тиіс.

Материалдарды алғаннан кейін ұйымдастыру комитеті 5 күн ішінде авторға материалдарды жариялауға қабылдау туралы хабарлама жібереді.

Аталған талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген уақыттан кешіктірілген материалдар қарастырылмайды.

 

  Мақаланы рәсімдеу үлгісі

 

  ӘОК 574.4

 

БҰЗЫЛҒАН ЭКОЖҮЙЕЛЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

Чекалин С.Г. – а.ш.ғ.к., Кайсагалиева Г.С. – б.ғ.к.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал қ.

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

М.М.Фартушина негіздеген индикаторлық шкала бойынша облыс топырақтарының экологиялық жағдайын бағалау нәтижелері, егістік алқап топырақтарының 68,9 пайызы экологиялық кризис аймағына жататынын көрсетті [1].

 

Әдебиеттер

1) Фартушина М.М. Экологическая оценка состояния экосистем Западно-Казахстанской области // Экология и степное природопользование. – Уральск, 2005. – С.31-35.

 

Конференцияға қатысу туралы өтініш:

Тегі, аты-жөні (толықтай)

Ұйымның аты (толықтай)

Қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Мақаланың тақырыбы

Секцияның тақырыбы

Мекен жай, телефон, е-mail

Жарнасының төленуі жөнінде түбіртек

Конференцияға қатысу түрі

Ұйымдастыру сұрақтары бойынша:

1. Альжанова Багдагул Сактагановна: жұмыс тел.: 8(7112)50-35-49, ұялы телефоны: 8-701-344-20-16

2. Мамышева Марина Вячеславовна: жұмыс тел.: 8(7112)50-35-49, ұялы телефоны: 87754086837

Ұйымдастыру комитеті

 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua