Хабарландыру! Жастар бизнес-жобаларына арналған «Menin Armanym» ұлттық байқауы

Хабарландыру!

Құрметті студенттер, магистранттар мен жас ғалымдар!

Логотип

2019 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Ақпараттық-талдамалық орталығы» АҚ және «SUCCESS K» стратегиялық коммуникациялар агенттігінің ұйымдастыруымен Жастар бизнес-жобаларына арналған «Menin Armanym» ұлттық байқауы өткізілуде.

Байқаудың мақсаты өмір сапасын арттыруға бағытталған, қоғамдық маңызы бар, алдыңғы қатарлы білім алудың арқасында еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне технологияларды енгізуге негізделген жас кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын қолдау болып табылады.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрады:

- Іріктеу кезеңі: Қатысушылар онлайн өтінім беріп, кестеге сәйкес өткізілетін өңірлердегі іріктеуге қатысады. Қатысушылар санына шектеу жоқ. Үміткерлерге тренинг өткізіліп, олар өз жобаларын қорғайды. Менторлар ширек финалға жолдама алатын стартапшыларды іріктеп алады;

- Ширек финал: Бұл кезеңде іріктеуден өткен үміткерлер Атырау, Шымкент, Павлодар, Қарағанды қалаларына шақырту алады (өз аймағына қарай). Олар үшін дайындық тренгинтері жүргізіледі. Ширек финалға дейін қатысушылар прототип дайындауы қажет. Жобалар қорғалған соң әділ-қазылар алқасы 150 жобаны таңдап алады. Олар бейнеролик түрінде онлайн іріктеуден өтеді. Онлайн іріктеу нәтижесінде 32 қатысушы телевизиялық ойындарға қатысу үшінтаңдалып алынады;

- Жартылай финал: Бұл кезеңде іріктеліп алынған 32 жоба байқаудың телевизиялық түсіріліміне қатысу үшін Астанаға шақыртылады. Қатысушылар үшін көпшілік алдында сөйлеу мәнері мен презентация әзірлеу бойынша тренингтермен, телевизиялық түсірілмге дайындық басталады. 16 қатысушы іріктеліп алынады;

- Финал: Жартылай финалға өткен 16 үміткер Нұр-Сұлтандағы телестудияда өтетін телевизиялық ойындарға атысады.
Ең мықты 4 жоба байқаудың супер финалына өтіп, бірінші орынға таласады;

- Байқаудың 4 финалисі жобаларын таныстырады. Үшінші кезең жеңімпазы анықталады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша байқаудың іріктеу кезеңі 2019 жылдың 15-17 мамыр аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында өткізіледі. Байқауға қатысу үшін www.meninarmanym.kz. сайтында өтінішті тіркеу қажет. Қатысушыларды тіркеу іріктеу кезеңінің басталуына 2 күн қалғанда аяқталады.

16-29 жас аралығында қатысушыларды Жастар бизнес-жобаларына арналған «Menin Armanym» ұлттық байқауына қатысуға және өз бизнес-жобаңызды іске асыруға мүмкіндік алуға шақырамыз.

Байқау туралы қосымша ақпаратты және өтінімдерді даярлау жөнінде кеңесті www.meninarmanym.kz сайтынан және келесі мекен-жай бойынша алуға болады: Орал қ., Студенттер көшесі 1, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, коммерцияландыру офисі (210 кабинет), телефон 26-03-68, электрондық пошта This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .

Коммерцияландыру офисі

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua