ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ АРАСЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ БОЙЫНША БАЙҚАУ

Бекітемін

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры

____________ Н.Х.Серғалиев

_____________ 2018 ж.

М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БҚМУ-ДЫҢ

ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ АРАСЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ

БОЙЫНША БАЙҚАУ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1.1. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың профессорлық-оқытушылар құрамы арасындағы оқытудың инновациялық технологияларын енгізу бойынша байқау (бұдан әрі – Байқау) мамандар даярлаудағы сапаны арттырудың жаңа жолдарын іздеу, ПОҚ жинақтаған тәжірибені көрсету және оқытудың тиімділігін арттыру мен мамандықтарды оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуде кафедра ұжымының жұмысын ынталандыру, жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқытудың инновациялық технологияларын оқу сабақтарында қолдана отырып оқытушыларды сапалы кәсіби қызметке бейімдеу мақсатында өткізіледі.

Инновациялық әдістер деп ғылымның қазіргі заманға сай жетістіктері мен білім берудегі ақпараттық технологияларды пайдалану және білім алушылардың шығармашылық қабілеті мен өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттыру арқылы дайындық сапасын жақсартуға бағытталған (мәселе тудыру және жобалап оқытудың әдістері, зерттеу әдістері, тренинг формалары, оқытушылардың өзіндік жұмысын және шығармашылық қабілетін арттыру және т.б.) әдістерді айтады.

Білім беру жүйесіндегі инновациялық әдістер:

- ақпараттық ресурстар мен білім базасын қолдану;

- электронды мультимедиялық оқулықтар мен оқу құралдарын қолдану;

- жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану;

- білім беру бағдарламаларының үздік отандық және шетелдік аналогтарын пайдалану;

- ғылымды меңгеруде проблемалы-бағытталған пәнаралық ықпал жасауды қолдану;

- оқытудың интерактивті әдістерін қолдану;

- оқу тәжірибесіне негізделген әдістерді қолдану (case studies);

- топтық жұмыстағы кешенді тапсырмаларды жүйелі түрде шешуде оқытудың жобалау-ұйымдастыру технологиясын қолдану.

1.2. Осы ереже байқауды ұйымдастыру және өткізу барысын реттейтін, байқаудың талаптары мен шарттарын, байқауға қатысатын инновациялық жобаларды (бұдан әрі – жоба) іріктеу мен бағалаудың критерийлерін, құжаттарға қойылатын талаптарды анықтайтын негізгі құжат. Осы саладағы құқықтық қатынастарды дамыту барысында басқа толықтыру немесе айқындау нормативтік актілерді қабылдау рұқсат етіледі.

1.3. Байқау мақсаты оқытудың инновациялық технологияларын түсіну мен қолдану арқылы профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін жетілдіру, сондай-ақ инновациялық педагогикалық тәжірибені насихаттау мен тарату.

1.4. Байқау міндеттері:

- БҚМУ-дағы инновациялық қызметті дамыту;

- ПОҚ-тың белсенділігін арттыруға жәрдемдесу;

- БҚМУ-дағы инновациялық-білім беру үрдісін жетілдіру және дамытудың ақпараттық технологияларын пайдаланып, білім қорын қалыптастыру.

1.5. Инновациялық жобалар байқауы жыл сайын ІІ кезеңмен өткізіледі. Байқаудың І кезеңін факультет ПОҚ арасында факультет ұйымдастырады. ІІ кезең университет ПОҚ арасында өткізіледі және АҚД жоспарлау және оқу мен оқу-әдістемелік бөлімі ұйымдастырады.

1.6. Байқаудың қорытындысына сәйкес ІІ кезеңде комиссия 3 жүлделі орынды және 3 номинация бойынша үздік жобаны анықтайды.

2. Байқауды өткізу шарттары

2.1. Инновациялық-жобалық жұмыстың нәтижесі ғылыми және білім беру инновациясы нарығына және басқа да жоғары деңгейлі көрмелерге ұсынылатын шынайы инновациялық өнім болуы тиіс. Байқауға қатысатын жоба үш тілдің біреуінде тапсырылады (қазақ, орыс, ағылшын).

2.2. Байқау туралы ақпарат БҚМУ сайтының (www.wksu.kz) жаңалықтар бөлімінде өтініш қабылдағанға дейін 10 жұмыс күні бұрын жарияланады.

2.3. Байқаудың өтетін уақыты мен комиссия құрамы ректор/факультет декандарымен бекітіледі.

2.4. байқау жүлдегерлерінің арасында Жүлде қорының мөлшері ректордың бұйрығымен бекітіледі.

2.5. Комиссия мүшелерінің алғашқы отырысында ашық дауыс беру арқылы көп дауыс жинаған адам комиссия төрағасы болып сайланады.

2.6. Байқауға қатысуға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ғана жіберіледі.

2.7. Байқауға ұсынылған оқытудың инновациялық технологиясы оқыту үрдісінде кем дегенде бір жыл қолданылуы керек.

2.8. Байқауға қатысуға өтініштер І кезеңде қабылданады.

2.9. Өтініштерді толтыру ережелері осы Ереженің 4-бөлімінде көрсетілген.

2.10. Оқытудың инновациялық әдістерін қолданудың қарқыны мен сапасын бағалау критерийлері 10 баллмен есептелінеді:

Критерийлер

Баллдары

жобаның нақтылығы, ғылыми жаңашылдығы

жобаның мақсат-міндетінің шынайылығы

инновациялық өнімнің - жоба қорытындысының нақтылығы мен дәлдігін анықтау

ұсынылған оқытудың инновациялық технологиясының әдістемелік қамтамасыз етілуінің сапасы

оқу үрдісіне инновациялық технологияны енгізу дәрежесі (инновациялық технологиямен қамтылған оқу сабақтарының түрлері);

инновациялық технологияны қолдану барысында студенттердің білім сапасының артуы

жаңартылған білім мазмұны аясында оқытудың инновациялық технологияларын оқу сабақтарында қолдана алуы

2.10. Комиссияның қорытынды бағалары бойынша жоғары балл жинаған қатысушылар Байқау жеңімпазы атанады.

3. Байқау кезеңдері:

I кезең:

1. Байқауға қатысу жөнінде өтініштерді қабылдау;

2. Оқыту үрдісінде инновациялық технологияны сыннан өткізу. Өтініш білдірушінің, кафедра меңгерушісі мен деканның қолдары қойылған көлемі екі беттен аспайтын пән бойынша оқытудың инновациялық технологиясын қолданудың тиімділігі жөніндегі есебі;

3. Жобаның тексерілуі мен комиссияның бағасы.

4. ПОҚ арасындағы байқаудың І кезеңінің қорытындысы бойынша үздік 3 оқытушы байқаудың ІІ кезеңіне қатысуға жолдама алады. Факультет бойынша байқау комиссиясы отырысының хаттамасының көшірмесі мен қатысушылардың құжаттары Академиялық қызмет департаментінің жоспарлау және оқу мен оқу-өдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру бөліміне тапсырылады. (8 оқу ғимараты, 201 кабинет).

II кезең:

1. Университеттің комиссия мүшелері өтініштерді сараптап, құжаттардың толық және дұрыс толтырылуын тексеріп, байқауға ұсынылған оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың тиімділігі мен сапасын бағалайды.

2. М.Өтемісов атындағы БҚМУ шеңберінде ПОҚ инновациялық жобаларының ашық презентациясы өткізіледі.

3. Белгіленген критерийлерге сәйкес (2.10 қ.) комиссия университеттің ПОҚ арасында байқау жеңімпазын анықтайды.

4. Жобаларды ұсыну және қарастыру реті

Байқауға қатысуға өтініш беру үшін төмендегідей құжаттарды тапсыру керек:

4.1. Байқауға қатысу жөніндегі өтініш (1-қосымша) қағаз түрінде

1 данада жазылады. Өтініштер байқаудың өтетіні туралы хабарлама жарияланғаннан бастап 30 күн ішінде қабылданады.

4.2. Байқауға қатысушының сауалнамасы (2-қосымша) қағаз түрінде 1 данада ұсынылады.

4.3. Оқыту үрдісінде инновациялық технологияны сыннан өткізу. Оқыту үрдісіне инновациялық технологияны енгізу актісі (3-қосымша) бір данада қағаз түрінде ұсынылады.

4.4. Комиссия үшін байқауға ұсынылатын материалдар электронды нұсқада тапсырылады (CD/DVD диск).

4.5. Кемінде бір оқу жылына арналған көлемі 2 беттен аспайтын өтініш иесінің, кафедра меңгерушісінің, деканның қолы қойылған инновациялық технологияны қолданудың тиімділігі туралы есебі.

4.6. Материалдарды «Педагогикалық үздік тәжірибе мектебі» жинағына енгізу үшін электронды және қағаз түрінде Академиялық қызмет департаментінің жоспарлау және оқу мен оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру бөліміне тапсырады. (8 оқу ғимараты, 201 кабинет).

1-қосымша

Оқытудың инновациялық технологиясын

енгізу туралы БҚМУ-дың ПОҚ-тың

арасындағы байқау комиссиясына

___________________ факультеті

_____________________________

кафедрасының оқытушысы

_____________________________

(аты-жөні)

ӨТІНІШ

Сізден, оқытушылар арасындағы «Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу туралы» байқауға қатысуға құжаттарды қабылдауыңызды сұраймын (ыз).

БҚМУ-дың ПОҚ-тың арасындағы «Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу туралы» байқаудың талаптарымен, өтетін уақытымен таныстым (ық).

Орындаушы қолы                      /Аты-жөні, тегі, /

                             Күні

2-қосымша

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ПОҚ арасында «Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу туралы» байқауға қатысушының сауалнамасы

1. Кафедра ___________________________________________________

2. Орындаушының аты-жөні, тегі, лауазымы, ғылыми атағы

______________________________________________________________

3. Бірлесіп орындаушылардың аты-жөні, тегі, лауазымдары, ғылыми атақтары.

____________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________

4. Инновациялық технологияны пайдаланатын білім алушылардың контингенті (факультет, мамандық, курс, студенттер саны) ________________

___________________________________________________________

5. Инновациялық технология қолданылып оқытылатын пәндер ___________________________________________________________________

6. Байқауға ұсынылған оқыту технологиясының пайдалану уақыты ________________________________________________________________

Дайындаған автордың қолы: __________________ ______________

                                                                  (қолы) (А.Ж.Т.)

                                           __________________ _______________

                                                                 (қолы) (А.Ж.Т)

                                           _________________ ________________

                                                                (қолы) (А.Ж.Т.)

3-қосымша

Бекітемін

ОӘЖ жөніндегі проректоры

_____________А.С.Тасмағамбетов

___________________ 20___ж

Оқу үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу жөніндегі

акт

Осы акт ______________________________________қолданылуы жөнінде

                                      (атауы)

Жоба_______________________________________оқу үрдісінде қолданылды

                        (кафедра, бөлім және т.б.)

Жоба қолданылады _____________________________________________

                                                        (қашан, қайда т.б.)

Оқу үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу жобасы қолданыла бастады _____________________________

                                                                                                                                       (айы, жылы)

Жобаны қолданатын cтуденттер саны _______________________________

Жоба енгізуге ұсынылған кафедра отырысы хаттамасының нөмірі, күні _______________________________________________________________


Кафедра меңгерушісі __________________ __________________

                                                       (қолы) (аты-жөні)

Факультет деканы _________________ ___________________

                                                 (қолы) (аты-жөні)

МО

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua