2019 ж 20-21 ақпаны М.Өтемісов ат. БҚМУ Педагогикалық шеберлік Орталығының филиалымен біріге отырып, «Қазақстандық мектепке мамандар даярлау: Жаңа мазмұн және тәжірибемен байланыс» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕПКЕ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ: ЖАҢА МАЗМҰН ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕМЕН БАЙЛАНЫС»

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

 

2019 жылдың 20-21 ақпаны М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Орал қ. Педагогикалық шеберлік Орталығының филиалымен біріге отырып, «Қазақстандық мектепке мамандар даярлау: Жаңа мазмұн және тәжірибемен байланыс» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияға қатысуға педагогикалық ЖОО және колледждер оқытушылары, мектеп педагогтары және жетекшілері, біліктілікті арттыру бағдарламаларының тренерлері, әдістемелік қызметкерлер шақырылады.

Конференция жұмысының бағыттары:

ЖОО және колледжде мұғалімдерді даярлау бағдарламаларының мазмұны. Жаңартылған білім мазмұны контентіне сәйкестігі және өзектілігі.

ЖОО және колледжде жаңартылған білім мазмұнына қатысты элективті курстар. Оқытудың мазмұны және технологиялары.

Студенттердің педагогикалық сараманы - маман даярлаудың, мамандыққа бейімделудің және кәсіби сәйкестікті қалыптастырудың құралы.   Болашақ маманды даярлауда мектеп ұжымының миссиясы.

Қазақстандық мектептің мамандарын жаңарту перспективалары. Мектеп және ЖОО өзара әрекеттесуі.

 

Конференция аясында USM (University – School – Mastery – студенттің педагогикалық тәжірибесі мен академиялық оқуының жүйелі интеграциясы) жобасын жүзеге асырудың алғашқы жылының презентациясы жоспарлануда.

 

Конференция М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универитетінің базасында өткізіледі. Конференция ұйымдастырушылары М.Өтемісов атындағы БҚМУ педагогикалық инноватика Лабораториясы.

Конференция қорытындылары бойынша қатысушылардың баяндамалары және презентацияларының жинағын шығару жоспарлануда.

 

Баяндама тезистерін рәсімдеу талаптары

        Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарияланады. Баяндама тезистері электронды түрде көлемі 5 беттен аспайтын (суреттер, кестелер, әдебиеттер тізімін қоса алғанда) А4 форматта қабылданады. МәтінMicrosoft World редакторында Times New Roman (KZ Times New Roman) шрифтісінде 12 п.т. кегльмен және 1 (бірлік) жоларалық интервалмен теріледі. Жиектері: жоғары, төмен және оң жағынан – 2,0 см., сол жағынан – 3,0 см. Жоғарғы сол жағында ӘЖК, одан төменіне ортада қою әріппен авторлардың аты-жөні, келесі жолда ортасына курсив шрифтімен мекеме, қала және ел атауы, бір бос интервалдан жол ортасына соң қою шрифтімен бас әріппен жазылған мақаланың атауы, бір бос интервалдан соң азат жолдан басталған баяндама мәтіні берілуі тиіс. Баяндама тезистерінің мәтінінде әдебиеттер тізімінде көрсетілген дереккөздерге сілтеме тік жақшада беріледі. Әдебиеттер тізімі мәтінде көрсетілу шамасына сай жасалады және негізгі мәтіннен бір жол тастап жазылады.

 

Конференцияға қатысуға толтырылған тіркеу түрі, баяндама тезистері мен ұйымдастыру жарнасын төлеген түбіртегінің көшірмесі жеке файлдар түрінде

 2019 жылдың 14 ақпанына дейін ұйымдастыру комитетінің  Dnokafedra@mail.ruэлектрондық поштасына келесі атаулармен қабылданады, мысалы: Бисенов_БҚМУ_тіркеу; Бисенов_БҚМУ_тезистер; Бисенов_БҚМУ_жарна.

 

      Конференцияға қатысуға және ғылыми жинақта баяндама тезистерін жариялауға төленетін ұйымдастыру жарна ақысы 3000 теңгені құрайды.

 

Теңгемен есептесу шоты: «ҚР Халық банкі» АҚ, Орал қ., ИИК KZ176010181000011617, БИК HSBKKZKX, БИН 000340002393, КБЕ 16: «Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ» ШЖҚ МКК;

 

Төлем атауы:«Конференция – Қазақстандық мектепке мамандар даярлау».

 

Конференцияға қатысу шығындары қатысушы жақтың өз есебінен төленеді.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы мен байланыс телефондары:

Қазақстан Республикасы, БҚО, 090000, Орал қаласы, Студенттер көш. 4, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, №7 оқу ғимараты, 401,503 каб.,  педагогика факультеті, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы.  

 

Ұйымдастыру комитеті:

Габдрахманова Шынар Төлегеновна - педагогика факультетінің деканы,п.ғ.к., доцент.

Обыденкина Лариса Валентиновна - п.ғ.к., доцент.

Хабиева Дина Гарифоллиевна - мектепке дейінгі және бастауышта білім берукафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, магистр.

 

Толық ақпаратты алу үшін:

1.Нурманова Асель Камбаровна- тел. 87712139434.

2.Арыстангалиева Венера Талгатовнаға -  тел. 87762903100  хабарласуға болады.

 

Тіркеу түрі:

1. Тегі, аты-жөні (толығымен)  
2. Мекеме атауы, бөлімшесі  
3. Ғылыми атағы, дәрежесі, лауазымы  
4. Мекен-жайы (елі, индекс, қала, көше, үй және пәтер нөмірікөрсетілуі тиісті)  
5. Байланыс телефоны, е-mail
6. Мақала атауы
7. Конференция жұмысының негізгі бағыттары
8. Конференцияға қатысу формасы (тікелей / сырттай)
9. Қонақүй номерін брондау қажеттілігі (иә/жоқ)

 

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua