АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мәдениет және өнер факультетінің (көркемсурет-графика факультетінің) құрылғанына 40 жыл толуына орай, 2018 жылы 2 қараша күні өтетін «Көркем шығармашылық: теориясы, әдіснамасы және тәжірибе синтезі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция аясында Суретшілердің республикалық көрмесі өткізіледі (Ережесі қосымша тіркелген).

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

- Рухани жаңғыру кезеңіндегі жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет мәселесі.

- Мәдениет және өнер саласындағы білім беру реформасын дамытудың мәселелері, міндеттері мен нәтижелері.

- Қазіргі заманғы білім берудегі өнерді оқытудың өзекті мәселелері, тарихы, теориясы, болашағы.

- Бейнелеу өнері, дизайн, сәулет және қолөнерді дамытудағы қазіргі заманғы үрдістер.

- Мәдениет және өнер саласындағы инновациялық білім беру әдістерін және халқаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытудың көкейтесті тұстары.

- Көркемсурет және дизайн саласындағы білім беру мен оқытудың ақпараттық технологиялары.

- Мүмкіндігі шектеулі оқушылар мен студенттер үшін арнайы пәндер бойынша мектеп, колледж, ЖОО жүйесінде оқу үдерісін ұйымдастыру.

- Қазіргі заманғы университет жағдайында көркем еңбек бойынша педагог кадрларды даярлау мәселелері.

Конференция өткізу орны, мерзімі:

090000,Орал қаласы, Достық даңғылы 137, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ, Мәдениет және өнер факультеті №4 ғимарат +7(7112)512739, +7(7112)504703.

2 қараша 2018 жыл.

Қатысушыларға қойылатын шарттар:

Конференцияға қатысу үшін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасына өзіңіздің жеке поштаңызды, қатысу туралы өтініш, ғылыми мақала және jpeg форматында (реквизиттері төменде берілген) төлеу түбіртегінің сканерленген көшірмесін жібересіз, төлер алдында «конференцияға мақала үшін» деп белгілеу қажет.

Мақаласы бар файл атын белгілеу керек:

- қатысушы тегі, аты-жөні;

- қаласы;

- қатысатын ғылыми жұмыс бағыты

Мысалы: Ivanov_Samara_2.doc

- Қатысушы тегі және kvit сөзі

Мысалы: Ivanov_kvit. jpeg

Материалдарды ресімдеу талаптары:

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Конференцияға қатысу үшін 28 қазан 2018 ж. дейін пошта арқылы немесе электрондық мекен-жайға жіберілу керек:

· конференцияға қатысушының өтініші;

· талаптарға сай ресімделген баяндама мәтіні (электрондық нұсқа), (Times New Roman қарпі, 11 пт., жоғарғы және төменгі жолақ – 2,0 см., сол жағы 3,0 см. оң жағы – 1,0 см.; жол аралығы 1,0 интервал, «Word 2003»; оң жақтағы жоғарғы бұрышта ӘОЖ, 2 интервал тастап бас әріптермен баяндама тақырыбы, жуан қаріптермен, төменге 2 интервал ашық тастап – автордың тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы, мекеме атауы, 1 интервал тастап – жаңа жолдан баяндама мәтіні жазылады; формат А4, материалдар 5 беттен аспауы тиіс); ғылыми жетекші (зерттеу саласының маманы) берген сын пікір (ғылыми дәрежесі жоқ қатысушылар үшін);

· төлем түбіртегі (ұйымдастыру жарнасы - 3000 тг).

· конференцияға қатысуға байланысты барлық шығындар (жол, тұрғын жай, тамақ) жіберуші тарабының шотынан төленеді.

ӨТІНІШ

1

Баяндамашы тегі, аты-жөні (толық)

2

Жұмыс орны, жұмыс мекенжайы (толық)

3

Ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы

4

Баяндама тақырыбы

5

Ғылыми жұмыс бағыты

6

Телефон (жұмыс, үй, моб.), факс, e-mail

7

Төлем түбіртегі

8

Конференцияға қатысу формасы (іштей, сырттай)

Банк реквизиты: РГП ЗКГУ им.М.Утемисова МОН РК, БИН 000340002393, ИИК КZ176010181000011617, БИК HSBККZКХ, ЗКФ АО «Народный банк Казахстана» Кбе 16.

Мекенжай және байланыс телефоны:

090000, Орал қаласы, БҚО, М.Өтемісов атындағы БҚМУ Мәдениет және өнер факультеті, Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы, Студент көшесі, 4, №7-оқу ғимараты, 302 каб., жұм. тел. 8(7112) 50-53-46, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .

Анықтама телефоны:

Каинбаева Жанна Советовна 8(7112) 50-53-46, моб.+7 7775693932

Хамзин Турарбек Абилхайрович 8(7112) 50-53-46, моб.+7 7014753597.

E-mail This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қатысушы баяндамасы мен құжаттар көшірмесі (шарт және төлем түбіртегі) 30.10 2018 ж. қабылданады.

КОНФЕРЕНЦИЯ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН СУРЕТШІЛЕР МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕСІНІҢ ЕРЕЖЕСІ

1.Көрме өткізу мақсаты: Ел болашағы - жастардың ұлттық рухының биік болуына, халқымыздың тарихы мен салт-дәстүрін терең біліп, Отанға, ел мен жерге деген махаббатын оятуда бейнелеу өнерінің үлесі зор. Сурет көрмесіне қойылатын әр шығарма халықтың рухани байлығын толықтырар дүниелер болары даусыз.

2. Көрме өткізу міндеттері:

- бейнелеу туындылары арқылы жастарды өнерге баулу, сол арқылы отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу, рухани дүниесін, көзқарастарын кеңейту;

- жас буынға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беруді жақсарту, әсемдік сезімін ояту, жоғары эстетикалық талғам, өнер шығармаларын, тарих пен халқымыздың салт-дәстүрін, туған табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсінуге, бағалай білуге тәрбиелеу;

- өнер шығармасы арқылы көркемдік образ және оны сомдаушы суреткер жөнінде, көркем құбылыстар мен стильдік бағыттар туралы мағлұматтар беру, олардың ішкі үндестігі мен бірлігіне, өзара қатынасы мен табиғи байланыстарына қатысты теориялық танымды тереңдету;

- қазақ халқының мәдениеті мен өнерін дамытуға атсалысу, сурет өнеріне деген шынайы сезім қалыптастыру.

3. Көрменің талаптары мен шарты:

- Көрмеге танымал қылқалам шеберлерімен қатар, көркемсурет графика саласын бітірген талантты ұстаздар, осы сала бойынша білім алып жүрген жоғары оқу орындарының дарынды студенттері қатыса алады;

- Көрмеге түпнұсқа түріндегі жазылған туындылар бейнелеу өнерінің - графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін түрлері бойынша қабылданады;

- Әр суретші көрмеге ұсынған шығармасын алдын ала компьютерден өткізіп, ұйымдастыру алқасына сараптаудан өткізуге жіберуге тиіс;

- Автор өзі туралы мәліметті (тегі, аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефондары, фотосуреті, суретшінің шығармашылығы туралы шағын ақпарат) төменде көрсетілген электрондық поштаға жолдауы керек. Көрмеге іріктеу жабық түрде өтеді;

- Әр автор 3 (үш) туындыға дейін қатыстыруға мүмкіндігі бар;

- Таңдалған шығармалар топтастырылып, арнайы дайындалған каталогқа енгізіліп, көрмеге қойылады.

- Көрме аяқталған соң жұмыстар авторларына қайтарылады.

Қатысушылар назарына!

Көрменің ашылуында марапаттау рәсімі жасалады. Қатысушылардың жол қаражаты, қонақ үйі мен тамақтануы жіберуші жақтың есебінен болады.

Көрмеге қатысу үшін Ұйымдастыру комитетіне келесі материалдарды Word форматында электронды түрде ұсыну қажет:

· белгіленген үлгідегі көрмеге қатысуға өтінім (Қосымша 1);

· көрмеге қатысушылар каталогына басып шығаруға арналған JPEG форматындағы шығарманың электрондық нұсқасы (кәсіби фото)

Көрмеге қатысуға өтініштер 2018 ж. қазан айының 15 жұлдызына дейін мына мекенжайда қабылданады немесе эл.поштаға салуларыңызға болады: Қазақстан, Орал қаласы, Студент көшесі, 2, (7 ғимарат, БҚМУ) 322 каб., тел.: 87718666611, - Мәдір Қуандық Насихатұлы, эл. пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ұйымдастыру комитеті

Қосымша 1

Көрмеге қатысуға өтінім

(әрбір жұмысқа жеке ұсынылады)

Жұмысатауы __________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Орындаған жылы_____________________________________________________________________

Автордың аты-жөні ___________________________________________________________________________

Оқытушының аты-жөні (студенттер үшін)______________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Пошталық мекен-жайы ___________________________________________________________________________

Телефон_______________________________e-mail:______________________________

Өнер түрі ___________________________________________________________________________

Жұмыс сипаттамасы ___________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Автордың қысқаша түйіндемесі (туған жылы, жұмыс, оқу орны, конкурстарға қатысу)_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Автор________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(қолы)

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua