"Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын іске асыру шеңберінде "ШЖҚ РМК М.Өтемісов атындағы БҚМУ коммерцияландыру офисі" ғалымдар және ТКК/ТТК қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту қызметтеріне конкурс жариялайды

2016 жылғы 2 ақпанда ратификацияланған 2015 жылғы 9 маусымдағы №8463-KZ Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім шеңберінде «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру мақсатында ғалымдар және ТКК/ТТК қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту қызметтеріне конкурс жарияланады.

 

Қызметтерді көрсетудің күтілетін мерзімі келісімшартқа қол қойылған күнінен бастап 18 ай және міндетті түрде тілдік емтиханға дайындық және кем дегенде IELTS 5,5 және TOEFL IBT 72 көрсеткіштерімен тапсырумен, жалпы еуропалық тілдік біліктілік шкаласы бойынша elementary деңгейінен proficiency деңгейіне дейін 4 деңгейді қамтиды.

 

Мүдделілік білдіру туралы ұсыныстар 2018 жыл 16 қазан сағат 18:00-ге дейін (Астана қ. уақыты) электрондық мекенжайға қабылданады: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. және міндетті түрде көшірмесін Жобаның электрондық поштасына жіберу қажет: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .

 

       Осы конкурс бойынша техникалық тапсырманы www.fpip.kz және www.wksu.kz саттарынан таба аласыз.

 

Хаттың тақырыбын көрсету қажет: "ШЖҚ РМК М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің коммерцияландыру офисі" ТКК/ТТК ғалымдары және қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту жөнінде қызмет көрсетуге консультанттарды іріктеу"

 

Хатта компанияның түйіндемесін (еркін формада) және компанияда қызметтерді көрсету үшін қажетті біліктілік және тиісті тәжірибесі бар екенін көрсететін ақпаратты қоса тіркеу қажет.

Мүдделі консультанттар (тіл мектептері) қосымша ақпаратты төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша жұмыс уақытында сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін (Астана қ. уақыты) ала алады.

 

Байланыс деректері: "ШЖҚ РМК М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің коммерцияландыру офисі"

Мекенжай: 090000, Орал қаласы, Достық-Дружбы даңғылы, 162 үй 

Жауапты тұлғалар: Ахмеденов Қажмұрат Мақсотұлы – ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, Имашев Эдуард Жүсіпұлы – ғылым және халықаралық байланыстар жетекшісінің м.а.

 

Телефон: +7 77235 6522

Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Байланыс үшін: "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы

Мекенжай: Қазақстан, Астана, 010000, Тәуелсіздік даңғылы, 41, 5-қабат, 508 кеңсе

Жауапты тұлғалар:

3-компоненттің аға менеджері – Өтеғұлов Алан

3-компоненттің менеджері – Мамбетов Қарасай

Тел.: 87172277127; 87172277130

Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қосымша 1

Қосымша 2

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua