«Startup Bolashak – Менің Арманым» Жастар бизнес-жобалары ұлттық байқауы өткізілуде

2018 жылдың ақпан айынан бастап «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігі, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ және «SUCCESS K» стратегиялық коммуникациялар агенттігінің ұйымдастыруымен «Startup Bolashak ­– Менің Арманым» Жастар бизнес-жобалары ұлттық байқауы өткізілуде.   

Байқаудың мақсаты өмір сапасын арттыруға бағытталған, қоғамдық маңызы бар, алдыңғы қатарлы білім алудың арқасында еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне технологияларды енгізуге негізделген жас кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын қолдау болып табылады.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрады:

- Іріктеу кезеңі: аймақтық іріктеу, яғни аймақтардан идеялар іздеу. Үш күн бойы өтікізілетін тренингтерге қатысып, менторлар көмегін алу мүмкіндігі;

- Ширек финал: Республикалық Startup Weekend. 16 аймақтан жиналған ең үздік 500 жоба авторлары білікті бизнес-тренерлер, коучерлерден кеңес алып, Қазақстанның алдыңғы қатарлы кәсіпкерлерінің қолдауына ие бола алады;

- Жартылай финал: 100 үздік жоба 2018 жылдың шілдесінде өтетін жазғы кубок аясында ойнатылатын жүлдеге таласады;

- Финал: «Менің арманым» ТВ-шоуы. Республикалық Demo Day. Қазақстанның барлық аймағынан жиналған 50-ден астам жобаның авторлары өз идеяларының қаржыландыруға тұралық екенідігін инвесторлар мен бизнес-періштелерге және Қазақстанның ірі венчурлық қор өкілдеріне дәлелдеуі керек;

- Қорытынды кезең: Аймақтық Demo Day. Қазақстанның 16 аймағында акселерациялық бағдарламаны қорытындылау.

Батыс Қазақстан облысы бойынша байқаудың іріктеу кезеңі 2018 жылдың 16-18 наурыз аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында өткізіледі. Байқауға қатысу үшін www.meninarmanym.kz. сайтында өтініш пен құжаттарды тіркеу қажет. Қатысушыларды тіркеу іріктеу кезеңінің басталуына 3 күн қалғанда аяқталады.

16-35 жас аралығында қатысушыларды «Startup Bolashak ­– Менің Арманым» жастар бизнес-жобалары ұлттық байқауына қатысуға және өз бизнес-жобаңызды іске асыруға мүмкіндік алуға шақырамыз. 

Байқау туралы қосымша ақпаратты және өтінімдерді даярлау жөнінде кеңесті www.meninarmanym.kz сайтынан және келесі мекен-жай бойынша алуға болады: Орал қ., Студенттер көшесі 1, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, коммерцияландыру офисі (210 кабинет), телефон 26-03-68, электрондық пошта This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .

Ереже

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua