Ақпараттық хат «Рухани жаңғыру» тұжырымдамасы аясында «Қазіргі жастардың келбеті: перспективасы мен инновациялық тұрғысы» атты республикалық конференция

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  университеті 2018 жылдың 16 наурызында «Рухани жаңғыру» тұжырымдамасы аясында «Қазіргі жастардың келбеті: перспективасы мен инновациялық тұрғысы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Отбасындағы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың өзекті мәселелері.
  2. Қазіргі жастарға деструктивті діни ағымдардың әсеретудің алдын алу шаралары.
  3. Рухани жаңғыру аясында қазіргі жастардың этникалық өзіндік санасын қалыптастыру мәселелері.
  4. Ерте ана болу мәселесі мен жауапты ата-ана келбеті.

Конференцияға қатысу үшін 2018 жылдың 15 ақпанға дейін ұйымдастыру комитетіне келесідей құжаттарды ұсыну қажет:

-  конференцияға қатысу туралы өтініш, төмендегідей тіркеу түрінде;

-  талапқа сай рәсімделген баяндама тезистері;

-  ұйымдастырушылық жарна ақысы туралы құжат көшірмесі.

Тіркеу түрі:

1.

Тегі, аты-жөні (толығымен)

 

2.

Мекеме атауы, бөлімшесі

 

3.

Ғылыми атағы, дәрежесі, лауазымы

 

4.

Мекен-жайы (елі, индекс, қала, көше, үй және пәтер нөмірі көрсетілуі тиісті)

 

5.

Баланыс телефоны, е-mail

 

6.

Мақала атауы

 

7.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары

 

8.

Конференцияға қатысу формасы (тікелей / сырттай)

 

9.

Қонақүй номерін брондау қажеттілігі (иә/жоқ)

 

Баяндама тезистерін рәсімдеу талаптары

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарияланады. Баяндама тезистері электронды түрде көлемі 5 беттен аспайтын (суреттер, кестелер, әдебиеттер тізімін қоса алғанда) А4 форматта қабылданады. Мәтін Microsoft World редакторында Times New Roman (KZ Times New Roman) шрифтісінде 12 п.т. кегльмен және 1 (бірлік) жоларалық интервалмен теріледі. Жиектері: жоғары, төмен және оң жағынан – 2,0 см., сол жағынан – 3,0 см. Жоғарғы сол жағында ӘЖК, одан төменіне ортада қою әріппен авторлардың аты-жөні, келесі жолда ортасына курсив шрифтімен мекеме, қала және ел атауы, бір бос интервалдан жол ортасына соң қою шрифтімен бас әріппен жазылған мақаланың атауы, бір бос интервалдан соң азат жолдан басталған баяндама мәтіні берілуі тиіс. Баяндама тезистерінің мәтінінде әдебиеттер тізімінде көрсетілген дереккөздерге сілтеме тік жақшада беріледі. Әдебиеттер тізімі мәтінде көрсетілу шамасына сай жасалады және негізгі мәтіннен бір жол тастап жазылады. Конференцияға қатысуға толтырылған тіркеу түрі, баяндама тезистері мен ұйымдастыру жарнасын төлеген түбіртегінің көшірмесі жеке файлдар түрінде ұйымдастыру комитетінің This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына келесі атаулармен қабылданады, мысалы: Бисенов_БҚМУ_тіркеу; Бисенов_БҚМУ_тезистер; Бисенов_БҚМУ_жарна.

Конференцияға қатысуға және ғылыми жинақта баяндама тезистерін жариялауға төленетін ұйымдастыру жарна ақысы 3000 теңгені құрайды.

Теңгемен есептесу шоты: «ҚР Халық банкі» АҚ, Орал қ., ИИК KZ176010181000011617, БИК HSBKKZKX, БИН 000340002393, КБЕ 16: «Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ» ШЖҚ МКК;

Төлем атауы:«Конференция – қазіргі жастар келбеті».

Конференцияға қатысу шығындары қатысушы жақтың өз есебінен төленеді.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы мен байланыс телефондары

Қазақстан Республикасы, БҚО, 090000, Орал қаласы, Студенттер көш. 4, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, №7 оқу ғимараты, 212 каб., педагогика және психология кафедрасы. Толық ақпаратты алу үшін Баюканская Светлана Феликсовнаға (тел.87051824632, 87071824632) және Калаханова Светлана Бактыбаевнаға (тел. 8777 424 4409) хабарласуға болады.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua