«ІХ Махамбет оқулары»

М. Өтемісов атындағы БҚМУ-ға 85 жыл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

rzh

wksu

 

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 85 жылдығына арнап 2017 жылы қараша айының 17-сі күні дәстүрлі «ІХ Махамбет оқулары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Конференцияға ғалымдар, мамандар, жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттар шақырылады.

            Конференция барысында талдау нысаны болар мәселелер:

- Махамбеттану: Махамбет және әдебиеттану, Махамбет және тілтаным.

- Махамбет мектебі: танымдық тұңғиығы, тілдік табиғаты және ұлтжанды болмыс.

- Ақын, қайраткер Махамбет Өтемісов шығармашылығының тарихи тұрғыда зерттелуі.

- Махамбет шығармашылығының орта, арнаулы және жоғары оқу орындарында оқытылуы.

- Мәңгілік ел бастаулары: рухани жаңғыру қадамдары – ұлттық кодымыздың сақталуы, озық дәстүрлеріміздің жаңғыруы.

- ХХІ ғасырдағы ұлттық сана: бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы.

- Латын әліпбиі: тарихи кезеңдері, көзқарастар жүйесі және тәжірибелік тиімділігі.

- Жаңа гуманитарлық білім және аударматанудың ғылыми қағидалары, шарттары мен проблемалары.

- Тұлғатану: заманауи Қазақстанның келбеті және ұлттық рухани құндылықтар.

- Өлкетану мәселелері.

- Ритор-педагог моделі және заманауи білім берудің өзекті мәселелері.

- Қазақ тілін оқытудағы жаңа педагогикалық технологиялардың әдістемелік жүйесі.

- Тіл мәдениеті, қазақ шешендік өнері және шешен сөйлеуге баулу мәселелері.

- Шешендіктану (риторика) және халықтық шешендік дәстүрді дамыту мәселелері.

- Оқулықтану және қазақ тілі оқулықтарының сапасын арттыру мәселесі.

- Іскерлік шешендік және көшбасшылық білік-дағдыларды қалыптастыру аспектілері.

- Журналистика: теле, радиожурналистика мәселелері.

- Заманауи гуманитарлық ғылым және өнертану: өзекті мәселелері мен қолданылу аясы (философия, тарих, құқықтану, педагогика, психология, өнертану ғылымдары, т.б.);

- Жаңғыру 3.0 аясындағы жаратылыстану, математика және экономика ғылымдарының заманауи мәселелері (география, биология, математика, физика, экономика, финанс, т.б.).

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Мақала мен тіркеу үлгісін ұсыну мерзімі 2017 жылдың 10 қарашасына дейін. Ұйымдастыру комитеті көрсетілген мерзімнен кешіккен немесе талапқа сай емес материалдарды жинаққа қоспауға құқылы. Ұйымдастыру комитеті материалдарды конференцияға дейін басып шығаруды жоспарлап отыр. Мақала мазмұнына автор жауапты. Автор мақалаларды өзі толық редакциялап, грамматикалық және стилистикалық қателер жібермеуі тиіс. Ұйымдастырушы тарап мақалаларды іріктеу арқылы жинаққа енгізетін болады. Конференцияға жіберілген материалдарды қабылдайтын комиссияның электронды мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

- Материал Times New Roman шрифтімен (12 рt), 1 аралық интервалмен, жол жиегін барлық жағынан 20 мм қалдырып, Word мәтіндік редакторында басылған 3-5 парақ аралығында болуы керек;

- Ең басында ӘОЖ, 1 интервалдан кейін жол ортасына бас әріптермен баяндаманың тақырыбы, 1 интервалдан кейін автордың аты-жөні мен тегі, жұмыс орны, ұйым атауы жазылады, 1 интервалдан кейін мәтін жалғасады;

- Сілтеме мәтінде кездесу ретіне сәйкес тік жақшада [1, 15-б.], әдебиеттер тізімі мәтін соңында беріледі;

- Файл автордың тегімен (фамилиясымен) аталады.

Конференцияға қатысушылар үшін ұйымдастыру жарнасы 3000 (үш мың) теңге. Есеп шот: ҚР Халық банкі Батыс Қазақстан облыстық филиалы, ИИК KZ176010181000011617, БИК HSBKKZKX, БСН 000340002393, Кбе 16,  ТМК 861.

Өзге қаладан келіп қатысамын деушілерге: іссапар шығыны қатысушы тараптан.

Байланыс телефондары: 8(7112)51-30-62 – қазақ филологиясы кафедрасы; e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. –Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы: 87713061140, 87016188769; Сисенбаева Раушан Жаңабайқызы: 87012616321; Ғазез Нәзік Нұрболатқызы: 87778734273.

 

 Тіркеу үлгісі

 

 1.

Автордың толық аты-жөні, тегі

 

 2.

Баяндама тақырыбы

 

 3.

Секциялық бағыты

 

 4.

Жұмыс орны

 

 5.

Лауазымы

 

 6.

Ғылыми дәрежесі

 

 7.

Үй/жұмыс телефондары

 

 8.

E-mail

 

 9.

Пошталық мекен-жайы

 

 10.

Қатысу түрі (іштей/сырттай)

 

 11.

Баяндама жасауға қажетті техникалық құралдар

 

 12.

Қонақ үйге қажеттілік, келу мерзімі

 

 

Ұйымдастыру комитеті

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua