«Иванов оқулары – 2017» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Жаратылыстану-география факультеті

Ақпараттық хат

Құрметті әріптестер!

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Сіздерді 2017 жылдың 27 қыркүйегікүні өтетін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 85 жылдығына арналған дәстүрлі «Иванов оқулары – 2017» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Солтүстік Каспий маңы флорасы мен фаунасының биологиялық алуантүрлілігі;

2. БҚО-ның табиғи, тарихи-мәдени мұралары;

3. Жаратылыстану пәндерін оқытудың қазіргі әдістемелік аспектілері.

Конференция мемлекеттік және орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Конференция материалдары тура көшірме жасалған ғылыми жинақ түрінде басып шығарылады.

Конференцияға қатысу үшін 2017 жылдың 23 қыркүйегіне дейін төмендегі құжаттарды жіберуіңіз қажет:

- CD-дискіде немесе электрондық пошта арқылы ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ,) баяндама мәтіні;

- конференцияға қатысу туралы өтініш (өтініш үлгісі берілген);

- ұйымдастыру жарнасының төленуі жөніндегі түбіртек.

Конференцияға қатысушыларға мақалаларын материалдар жинағына жариялау үшін ұйымдастыру жарнасы 2500 теңгені құрайды.

Банк реквизиттері: ҚР Халық банкі Батыс Қазақстан облыстық филиалы, ЖСК KZ176010181000011617, БСН HSBKKZKX, БСН 000340002393, Кбе 16.

Төлем мақсаты: «Бірінші автордың фамилиясы, «Иванов оқулары – 201 конференциясына қатысу үшін».

Конференцияға қатысу шығындары қатысушының өз есебінен немесе жолдаған мекеменің есебінен.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық даңғылы, 162, М. Өтемісов атындағы БҚМУ, жаратылыстану-география факультеті, «Биология және экология» кафедрасы, №5 оқу ғимараты, тел.: 8 (7112) 50-35-49.

Конференция материалдарына қойылатын талаптар:

Баяндамалар мәтіні 5 беттен аспауы тиіс, Word 2003-2010 мәтіндік редакторында А4 форматта, Times New Roman шрифтісінде, жолдар арасы 1,0 интервал, 14 п.т. кегльмен, жоғары және төмен жағынан – 20 мм, сол және оң жағынан – 30 мм бос жер қалдырады.

Баяндаманың бірінші бетінің үстіңгі оң жақ бұрышында ӘОК көрсетілуі тиіс. Төменірек жол ортасында жартылай қалың бас әріптермен жазылған мақаланың атауы, 2 бос интервалдан соң автордың аты-жөні мен электрондық поштасы, 1 бос интервалдан соң мекеме атауы көрсетіледі. Егер авторлар әртүрлі мекемелерден болса, реттік тәртіппен жақшаға алынған мекеме нөмірі қойылады. 3 интервалдан соң азат жолдан басталған баяндаманың негізгі мәтіні қабылданады. Ені бойынша түзеу, ал жаңа жол мөлшері – 1,0 см.

Электрондық нұсқада файлдың аты бірінші автордың тегі және мақала атауының алғашқы үш сөзінен құралуы тиіс.

Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген немесе талапқа сай келмейтін материалдар жарияланбайды.

Конференцияға қатысу туралы өтініш:

Тегі, аты-жөні (толықтай)

Ұйымның аты (толықтай)

Қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Мақаланың тақырыбы

Секцияның тақырыбы

Мекен жай, телефон, е-mail

Жарнасының төленуі жөнінде түбіртек

Конференцияға қатысу түрі

Қонақ үйден орын брондау

Ұйымдастыру сұрақтары бойынша:

1. Альжанова Бағдагүл Сақтағанқызы: жұмыс тел.: 8(7112)50-35-49, үй тел.: 8(7112)53-64-17, ұялы телефоны: 8-701-344-20-16, е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

2. Жароева Алия Ғинаятовна: жұмыс тел.: 8(7112)50-35-49, ұялы телефоны: 87754086837 е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ;

Ұйымдастыру комитеті

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua