«Заманауи Қазақстан мәдениетінің ұлттық құндылықтарын сақтау және дамыту» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2017 жылдың 2 қазанында «Заманауи Қазақстан мәдениетінің ұлттық құндылықтарын сақтау және дамыту» атты педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Е. Ержановтың 70 жылдық мерейлі тойына және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 85 жылдық мерекесіне арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Этномәдени дәстүрлер және музыка өнері: өткені мен бүгінгісі.

2. Қазақстандағы бұқаралық мәдениеттің дамуы.

3. Көркем өнердің педагогикалық әлеуметі.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарияланады. Баяндама тезистері 2017 жылдың 22 қыркүйегіне дейін А4 форматында көлемі 5 беттен аспайтын (суреттер, кестелер, әдебиет тізімдерін қоса алғанда) электронды түрде қабылданады. Мәтін Microsoft World редакторының 12шрифті Times New Roman (KZ Times New Roman) және 1 (бірлік) қатараралықта терілуі тиіс. Жиектері:сол жағы-30 мм, оң, жоғары, төменгі жақтары – 20 мм. Жоғарғы сол жақ бұрышына ӘОЖ, одан төменірек орта жағына қалың шрифт арқылы автордың(лардың) аты-жөні(дері), келесі қатардың орта жағына курсив шрифті арқылы ұйым, қала және елдің атауы, бір қатардан кейін әрі қарай азат жолдан бастап баяндама тезистерінің мәтіні жазылуы керек. Баяндама тезистері мәтінінде көрсетілген сілтемелер әдебиет тізіміне сәйкес шаршы жақшалар арқылы бейнеленеді. Әдебиеттер тізімі мәтінде аталған бойынша және негізгі мәтіннен бір қатардан кейін тізіледі.

Конференцияға қатысу үшін өтініш, баяндама тезисі, жарна төлемақысы құжатының көшірмесін жеке-жеке файлмен, төмендегідей көрсетілген тақырыптармен This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз: Айталиев_БҚМУ_өтініш; Айталиев_БҚМУ_тезистер; Айталиев_БҚМУ_төлемақы.

Конференцияға қатысушылар үшін ұйымдастыру жарнасы 3000 теңгені құрайды.

Банк реквезиттері: «Қазақстан Халық банкі» АҚ, Орал қ., ЖСК KZ176010181000011617, БСН 000340002393, БСН HSBKKZKX, Кбе 16, «Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ» ШЖҚ РМК;

Төлем мақсаты: «Заманауи Қазақстан мәдениетінің ұлттық құндылықтарын сақтау және дамыту» аттыреспубликалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысу үшін.

Материалдар келесі мекен-жай бойынша қабылданады: БҚО, 090000, Орал қаласы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Достық даңғылы, 137, №4 ғимарат, 207 бөлме, мәдениет және өнер факультеті, дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер кафедрасы. Толық ақпарат алу үшін: доцент Ергалиева Айгул Темирболатқызына (ұялы тел. +77013703412, 87472924112) және кафедра меңгерушісі, доцент Айтқалиева Қарлығаш Дайырғалиқызына (ұялы тел. +77013932567, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ) хабарласуға болады.

Конференцияға қатысу шығындары қатысушы жақтың өз есебінен төленеді.

Тіркеу түрі:

1.

Тегі, аты-жөні (толығымен)

2.

Ғылыми атағы, дәрежесі, лауазымы

3.

Мекеме атауы, бөлімшесі

4.

Мекен-жайы, телефон, е-mail

5.

Мақала атауы

6.

Секция

7.

Техникалық құралдардың қажеттілігі

Ұйымдастыру комитеті

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua