Кітапхана - рухани қазына

«Халықпен  халықты, ұлт пен ұлтты  теңестіретін  нәрсе-білім»,- деп Мұхтар Омарханұлы Әуезов  айтқандай  осы білімді   адамзат    баласына  жеткізіп, сусындататын  дүние  кітап екені анық. Кітап - қымбат дүние, баға  жетпес  байлық.  Алтын әріппен жазылған  өлшеусіз кітаптар - кітапхана  қорында сақтаулы.

news poslan 5Кітапхана - оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз  сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. Осындай  дүниені оқырмандарға  танытып, студенттерді   кітап оқуға  шақыру  мақсатында Ғылыми кітапхана ұжымы көптеген шараларды ұйымдастыруда. Олар жылда кітапхана қорына келіп түскен кітаптарды студенттерге таныстыру барысында «Жаңа әдебиеттер көрмесін» ұйымдастырады.

Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер, студенттер мен магистранттар!

news poslan 6Ғылыми кітапхана есігі сіздер үшін әрдайым  ашық. Баршаңыз көрмеде ұсынылған кітаптармен танысуға және де кітапхана қорында сақтаулы тұрған кітаптармен жұмыстануға болады. Жаңа технологияны пайдалана отырып, Ғылыми кітапхананың  электрондық оқу залында отандық және шетел ғылыми электрондық базасындағы мәліметтерді және электронды оқулықтарды қолдана   аласыздар. Ғылыми кітапхана оқу залдары сіздерге 8:00 ден 20:00-ге дейін үзіліссіз, сенбі күні сағат 9:00 ден 13:00-ге дейін жұмыс жасайды.  

Құрметті оқырмандар! Сіздерді асыға күтеміз!

 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua