Әлем әдебиеті сирек кездесетін басылымдар институтына тегін қолжеткіземіз!

 

Құрметті  профессор -оқытушылар құрамы, қызметкерлер, студенттер мен магистранттар!

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің  бірі - білім қазынасы. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.  «Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге», - деп  ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы жырлағандай сіздерге әлем әдебиетіне  көз жеткізу үшін    A.M. Горький атындағы  Ресей академиясы  ( ИМЛИ РАН) әлем әдебиеті институтын атап кеткіміз келеді.

600-ден астам сирек кездесетін сканерленген кітаптар «Электрондық кітапхана   РҒА Әлем әдебиеті»  жаңа сайтында қолданысқа берілді. Бұдан бұрын кітаптар Әлем әдебиеті институты сайтына салынған болатын.  Кітапхана   әрдайым 1848-2016 жыл аралығындағы басылымдардың 100 ден астам  электрондық түрін жариялап тұрады. Олар   бірнеше бағыттарға бөлінген:

- Әдебиет теориясы

- Орыс әдебиеті 

- Ресей және ТМД халықтарының әдебиеті

-  Шетел әдебиеті 

- Фольклор

- Мерзімді басылымдар 

 

 Басылымдар  жазып алғысы немесе көргісі келетін оқырмандарға әр-дайым қол жетімді болып табылады. Сайт тіркелуді қажет етпейді. Сайытқа тіркелген әдебиеттер ішінде Kasatkina, Vyach.Vs. Иванов, ML Gasparov Г.Д. Gachev, А.Н. Веселовский, С.Г. Бочаров, Д.М. Магомедов, М.М. Бахтин, А.А. Anikst, С.С. Averincev, Е.М. Meletinsky, В.Ю. Пропп, OM Freudenberg, В.Н. Axe, Jakobson сынды филологтардың еңбектерін атап көрсетуге болады.    Қосымша ақпарат   Ғылыми  кітапхана электронды оқу залынан немесе   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды почта арқылы сұрағыңызды жолдап, жауап алуыңызға  болады. 

Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық!!!

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua