1 ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

10Елбасыма арнау

Еліміз – дүрсіл қаққан жүрегіміз 

Елбасы – ел қалауы тірегіміз 

Туымыз биіктерде желбіресін 

Тәңірге қабыл болып тілегіміз 

Әдет – ғұрып, салт – дәстүрін сақтаған 

Ата – баба ел сенімін ақтаған 

Қазақ елін барша жұртқа танытқан 

Қамқоршымыз елбасымен мақтанам!

 

                                          Тынышбай Аружан

 


Қадірменді әріптестер!!!

Баршаңызды мемлекеттің іргетасын қалаған 1 - желтоқан Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев - қазақ халқының ынтымақтастығын жарастырып, бүкіләлемдік тыныштыққа, дүниежүзіндегі халықтар мен мемлекеттер арасындағы келісімге, әлемдік мәдениетті, бейбітшілікті арттыруға сүбелі үлес қосып, жаңа мемлекеттің келбетін қалыптастырды, елдің болашағын айқындап, экономиканың өрлеуіне ерекше серпіліс берді. Егеменді еліміздің айтулы мерекесін атап өту мемлекет тағдырына тіреу болған Ұлт көшбасшысына деген зор құрмет деп білеміз. Елбасының саяси саясатының арқасында, болашағымыз бекем, мемлекетіміз берік болсын дей келе, осы атаулы мерекеде сіздерге жүрек жарды тілегімізді жолдай отырып,  отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, ынтымықтастығымыз бен сыйластығымыз ажырамай, киелі қара шаңырағымыздың абыройын асқақтатып, тек биіктерден көріне беріңіздер. Ел тізгінін ұстаған Елбасымен еліміздің болашағы баянды, көк байрағымыз тек көгімізде желбірей берсін.

Ғылыми кітапхана

 

 

БӨЛІСУ

Submit to DeliciousSubmit to DiggSubmit to FacebookSubmit to Google BookmarksSubmit to StumbleuponSubmit to TechnoratiSubmit to TwitterSubmit to LinkedInSubmit to BobrdobrSubmit to LiveinternetSubmit to LivejournalSubmit to MoymirSubmit to OdnoklassnikiSubmit to VkcomSubmit to Yaru

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua