«Жастар және заманауи ақпараттық технологиялар» атты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған магистранттар, студенттер мен оқушылардың республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

logo1АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2016 жылдың 28 наурызында  ұйымдастырылатын  «Жастар және заманауи ақпараттық технологиялар» атты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған магистранттар, студенттер мен оқушылардың республикалық  ғылыми-тәжірибелік конференциясына  қатысуға шақырады.  

Конференцияның мақсаты: жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында ақпараттық технологияларды қолдану мәселелерін талқылау, ғылыми  идеяларын қолдау және дамыту, жастардың ғылымға деген белсенділігін арттыру.

Негізгі бағыттар:

1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы білім беруде АКТ қолданудың заманауи мәселелері мен оны шешу жолдары. 

2. Ақпараттық қоғамдағы әлеуметтік желілер және оның жастар өміріндегі рөлі. 

3. Компьютерлік және математикалық модельдеу. 

4. Интернет технологиялардың өзекті мәселелері. 

5. Компьютерлік графика және дизайн. 

6. Жасанды интеллекті және робототехниканың жаңа жетістіктері. 

7. Мобильді қосымшалардың ерекшеліктері мен бұлттық технологиялар. 

8. Программалау және деректер қоры. 

9. Компьютерлік ойындардың тұлға дамуына әсері. 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Конференцияға қатысу үшін өтініш (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтіні электрондық поштамен ұйымдастыру комитетіне 2016 жылдың 26 наурызға дейін қабылданады. Конференцияға қатысу ТЕГІН. 

Өткізу түрі – сырттай.  

Конференция жұмысының материалдар жинағы конференция жұмысы аяқталғаннан кейін электрондық формада http://phim.wksu.kz сайтында жарияланады. Конференцияның редакциялық ұжымы конференцияның тақырыбына және ғылыми басылымның талаптарына сай емес мақалаларды жариялаудан бас тартуға құқығы бар. 

 

Ақпараттық хатты жүктеу

БӨЛІСУ

Submit to DeliciousSubmit to DiggSubmit to FacebookSubmit to Google BookmarksSubmit to StumbleuponSubmit to TechnoratiSubmit to TwitterSubmit to LinkedInSubmit to BobrdobrSubmit to LiveinternetSubmit to LivejournalSubmit to MoymirSubmit to OdnoklassnikiSubmit to VkcomSubmit to Yaru

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua