География кафедрасы мектеп оқушылары арасында жеке және командалық түрде «Менің өмірімдегі география» атты ғылыми-зерттеу жобасының кокурсын ұйымдастырады.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ География кафедрасы мектеп оқушылары арасында жеке және командалық түрде «Менің өмірімдегі география» атты ғылыми-зерттеу жобасының кокурсын ұйымдастырады.
Зерттеудің негізгі тақырыптары:
• аймақтың физико-географиялық ерекшеліктері (әлем, елдер, облыстар, аудан, елді-мекен);
• аймақтың эконом-географиялық ерекшеліктері (әлем, елдер, облыстар, аудан, елді-мекен);
• Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайы (Каспий маңы аймағы, экономикалық аудан);
• туристік кластердің қалыптасуы;
• аймақтың геоэкологиялық мәселелері.
Конкурс бағдарламасы:
• материалды тапсыру уақыты - 15 наурыз 2016 ж, талапқа сай болмаған жобалар екінші кезеңге жіберілмейді;
• жобаны қорғау күні – 28 наурыз 2016 ж сағат 14-00 (22 аудитория)
Материалды рәсімдеу ережелері:
Конкурстың жұмыс тілі – қазақ, орыс.
Жұмыс материалы мына тақырыптар негізінде жасалуы қажет: кіріспе (өзектілігі, зерттеудің мақсат-міндеттері ), негізгі бөлім, нәтижені талдау және сараптау, қорытынды, әдебиеттер тізімі.
Зерттеу жұмысының көлемі – 10- 15 бет, А4 форматты, жоғарғы, төменгі және оң жақ жиегі – 2,5 см, сол жақ жиегі – 3 см, тақырып атауы – 16, аралық интервал – 1,5 шрифт көлемі – 14, Times New Roman. Баяндамаға міндетті түрде презентация болуы қажет.
Жобаға аталған тақырыптардан басқа қазіргі географиялық мәселелерді қамтитын жобаларда қабылданады.
Ғылыми-зерттеу жобасы 15 наурызға дейін мына мекен-жайға тапсырылуы қажет: Орал қаласы, Достық даңғылы 121, оқу корпусы №5 жаратылыстану-география факультеті 21 кабинет Хаируллина Айнур Кенжалиевна.
Байланыс тел: 50-35-49 (география кафедрасы)
Көрсетілген уақыт мерзімінен кейін келген жұмыстар қарастырылмайды.