«Дінтану – уақыт талабы» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясы (2014 жылдың 29 қазан)

religiya 1М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де 2014 жылдың 29 қазан күні «Дінтану – уақыт талабы» атты республикалық ғылыми–тәжірибелік конференциясы өз жұмысын жүргізді. Конференцияның мақсаты: жастарда конфессияаралық келісім мен толерантылық сезімдерін қалыптастыру және дамыту, қазақ қоғамының рухани позитивтік және әлеуметтік дәстүрін зерртеу, дінтану пәнін  жүргізудің проблемалық мәселелерін қарастырудың ғылыми алаңын құрастыру болды. Қазіргі таңда еліміздегі конфессияаралық келісім мен диалогтың маңыздылығы ерекше атап өтілуде. Сондықтанда қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтап, оны дамыту қазіргі ұрпақтың басты мақсаты мен міндеті болып отыр. 

Конференцияның пленарлық мәжілісі 29 қазанда сағат 11:00 де жұмысын бастап, онда қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының м.а. – Ә.Е. Молданиязов сөз сөйлеп, дүниежүзілік тарих және әлеуметтік саяси-пәндер кафедрасының оқытушысы, ф.ғ.к. К.М.Науанова «Особенности и принципы  преподавания религиоведения в средней школе» тақырыбында, университетіміздің мониторинг және әлеуметтік зерттеулер бөлімінің басшысы  П.А.Добряев «Религия в восприятиии современных студентов», дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушысы, доцент Т.Т. Шайхиев «Діни келісім мен төзімділік – елдің тұрақты дамуының негізі» атты тақырыбында баяндамалар жасады.

 

religiya 2

 Конференция бағдарламасы бойынша  мынадай  секциялар жұмыс жүргізді:

1. ҚР білім беру мекемелеріндегі дінтану пәнін жүргізудегі өзекті мәселелері; 

2. Конфессияаралық келісім  – қоғамдағы тұрақтылық кепілі ретінде;

3. Қазақстанның тарихи даму барысындағы әлемдік және дәстүрлі; діндер;

4. Дін - халықаралық қатынастардың факторы ретінде.

Қатысушылары: Орал қаласының ішкі саясат бөлімі өкілдері, «Қоғамтанушылар  Одағы» қоғамдық бірлестігі ұжымы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, қалалық орта мектептері мұғалімдері және оқушылар, Атырау және Ақтөбе қалаларының баяандамашылары.

 

Коммерияландыру офисі

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua