М.Өтемісов атындағы БҚМУ «WESTKAZINVEST 2014» атты халықаралық бизнес-форумға қатысуы туралы

forum-compressor2014 жылдың 9 қазанында Орал қаласында «WestKazInvest 2014» атты халықаралық бизнес-форум болып өтті. Форумға Казақстанның, Ресейдің, Әзірбайжанның, Италияның өндірістік орындары мен мекемелерінің уәкілдері қатысты.

Ең алдымен форум Жангір хан атындағы БҚАТУ-де қойылған ғылыми-инновациалық жобалардың көрмесінен басталды. Көрмеге М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-ң ғалымдарының мынадай ғылыми-инновациялық жобалары қойылды:

1. «Разработка методологии использования и переработки карбонатного бурового шлама бурового раствора на нефтяной основе» (ғылыми жетекші: х.ғ.д.,  профессор.  Мендалиева Д.К.);

2. «Научные исследование в области альтернативного развития методов утилизации «корбонатного» бурового шлама, бурового раствора на нефтяной основе(КВШ)» (ғылыми жетекші: х.ғ.д., профессор. Мендалиева Д.К.);

3. «Биологическая рекультивация нарушенных экосистем Карачаганакского нефтегазоконденсатного месторождения и прилегающей территории» (ғылыми жетекші: б.ғ.к., профессор Фартушина М.М.);

4. «Изготовление и внедрение в производство ветроэнергетических установки парусного типа» (ғылыми жетекшілер: т.ғ.д., профессор Айталиев Е.С. және инженер құрастырушы Габдуллин З.Г. );

5. «Разработка информационно-аналитической системы мониторинга и управления системами водоснабжения, водоотведения, теплоснабжения на базе современных экономико-математических методов и информационных технологий в Западно-Казахстанской области» (ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент Миниус Г.М.);

6. «Производство гранулираванного биологического топлива из отходов растениеводства» (ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Утегенов И.У.);

7. «Разработка и изготовление экспериментальной установки для приготовления кормовых добавок из отходов пивной и ликероводочной промышленности»  (ғылыми жетекші: т.ғ.д., профессор Айталиев Е.С.);

8. «Разработка 3D-портала археологических памятников культуры» (ғылыми жетекші: т.ғ.магистрі Габдуллаев Д.Г.).

 

 forum 1Форумның салтанатты ашылуы Жангир хан атындағы БҚАТУ-де БҚО әкімінің орынбасары М.Ш.Каримовтың, Саратов облысының басқармасының орынбасары(Ресей, Саратов қ.) П.В. Большедановтың, Татарстан Республикасының өндіріс және сауда министрлігінің орынбасары И.Р. Мингалеевтың сөз сөйлеуімен басталды. Сонымен қатар осы жиналыста «Карачаганак Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясының бас директоры Дамиано Рати, Ақтөбе облысының әкімінің орынбасары Г.Н. Искалиев,  «General Electric Oil & Gas» компаниясының РФ және ТМД елдерінің аймақтық директоры Алессио Мариани, ҚР даму және инвестиция министрлігінің тікелей шетел инвестициясы басқармасының басшысы М.Ж. Кабульдинов сынды азаматтар сөз сөйледі. 

Форумның салтанатты ашылуынан кейін бес секцияға бөлініп жұмыс жасады, олар: «Туризмді дамыту», «Иннвацияны дамыту», «МИНИ Экспо», «Мұнай-агз кластерінде машина жасау», «Ғылым-Бизнес-Билік». «Ғылым-Бизнес-Билік» секциясында «Қаржыландырудың аймақтық инновациялық зерттеулерде ғылым мен өндірістің байланысы. М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ тәжірибесі» тақырыпта химия кафедрасының профессоры, х.ғ.к., Д.К.Мендалиева, Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің сынамалы биотехнология және экология  зертханасының жетекшісі  З.Х. Кунашева өз докладттарын оқыды. 

 forum 2

М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ мен «Конденсат» АҚ арасындағы меморандумға қол қойылу сәті

Түстен кейін Мұз айдыны ғимаратында Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан елдерінің өндірістік мекемелерінің тауарлары мен өнімдерінің көрмесі болды, сонымен қатар қызмет көрсету мекемелері мен өндірістік мекемелердің арасында жан-жақты қатынас орнату мақсатында меморандумға қол қойылу салтанатты рәсімі болып өтті. Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ ректоры А.С. Иманғалиев пен «Конденсат» АҚ директоры А.З. Абзалилов ғылыми-білім беру бағытында меморандумға қол қойды. 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua