2014 жылдың 19 маусым күні Тарих және құқық факультетінде Оңтүстік Корея Республикасынан келген қонақтармен кездесі өтті

logo koreya2014 жылдың 19 маусым күні Тарих және құқық факультетінде Оңтүстік Корея Республикасынан келген PhD докторы, Сангконгхое университетінің халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Ким Сенг Чан мен Комтьютер және коммуникациялар бөлімінің оқытушысы Дженг Хунг Ли мырзамен кездесу өтті.

Кездесуге Халықаралық қатынастар мамандығының студенттері, факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, ХБ және ҒЖ бойынша проректор Ә.К.Мұқтар қатысты. Кездесудің модераторы т.ғ.к., факультет деканы З.К.Мухлисова болды. Т.ғ.к., доцент Х.И.Кужабергенова Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар, экономика, білім беру және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы баяндады. Ал т.ғ.к., аға оқытушы Н.М.Тукешева қазақтардың шығу-тегі, тарихи даму жолы туралы ағылшын тілінде шағын дәріс оқыды. Студенттер тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, оларға толымды жауаптарын алды. Кездесуден кейін қонақтарға кітапхана қызметкерлерімен дайындалған кітап көрмесі және археологиялық музей көрсетілді. 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua