18 маусым 2014 ж. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Қазақстан Республикасы) мен Сангконгхое университеті (Оңтүстік Корея) өкілдерінің кездесуі өтті.

logo koreyaӨзара достастық қарым-қатынасты, сенімді және ынтымақтастықты өркендетуді көздей отырып,  кездесудің басты мақсаты - екі университет арасында жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру айналасындағы ынтымақтастық туралы келісім шартқа ресми түрде қол қою болып табылады. 

Келісім шарттың басты міндеті білім беру, ғылым және мәдениет аясында кәсіби іс қалыптастыруда біріге күш салысу. Келісім шартты жүзеге асыру мақсатында екі жақ келесі бағыттар бойынша ынтымақтастықты  орнатуға келісті: 

- қосымша келісімдер негізінде біріккен оқыту бағдарламаларын жасап, жүзеге асыру; 

- екі университетте оқытылатын мамандықтардың және алынған академиялық қорытындылардың эквиваленттілігін мойындау; 

- ғылыми ынтымақтастықтың орнауына қолдау көрсету, ғалымдар алмасу; 

- ғалымдар мен оқытушылардың ғылыми біліктілігін арттыруда өзара көмек көрсету; 

- білім берудің алдыңғы қатарлы әдістерін енгізу мен дамыту бойынша тәжірибе алмасу; 

- жүргізілетін зерттеулер бойынша материалдармен және басылымдармен алмасуға қолдау көрсету; 

- екіжақты біріккен симпозиумдар, семинарлар және ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру; 

- біріккен ғылыми жобалар мен бағдарламалар өткізу (мүмкіндік және екіжақты қызығушылық болған жағдайда); 

- екі мемлекетті келісуші Тараптардың қызметі туралы хабардар етіп отыру; 

- достас мемлекеттердің жастарының тату көршілестігі мен өзара сыйластығын қалыптастыру мақсатында студенттер арасында мәдени байланыстарды кеңейту, жоғарғы оқу орындар арасындағы достық қатынастарды дамыту, (спорттық, мәдени, шығармашылық, КТК және т.б.) алмасуын іске асыру.  

 

18-06-118-06-2

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua