«Жастар және ғылым» атты студенттер мен магистранттардың ғылыми апталығы

konf nauka 1Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір-мақсат, бір-мүдде, бір-болашақ» жолдауына арналған «Жастар және ғылым» атты студенттер мен магистранттардың ғылыми апталығының ашылуы

2014 жылы 7 сәуірде Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір-мақсат, бір-мүдде, бір-болашақ» жолдауына арналған «Жастар және ғылым» атты студенттер мен магистранттардың ғылыми апталығының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан  мемлекеттік университетінің ҒЖ және ХБ жөніндегі проректоры, университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, факультет деканының орынбасарлары, магистранттар және студенттік ғылыми қоғам мүшелері мен белсенді студенттер қатысты. Шараны  университетіміздің ҒЖ және ХБ жөніндегі проректоры, т.ғ.д., профессор Мұқтар Әбілсейт Қапизұлы ашып, студенттік ғылыми қоғам төрағасы, «Математика» мамандығының 3 курс студенті Ислямова Тұрсынай салтанаттың модераторы болды. Аталмыш салтанаттың күн тәртібінде апталықтың жоспары мен университетіміздің ғылыми жаңалықтары, ғалымдар мен студенттердің жеткен жетістіктері және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары алдыңғы жылдармен салыстырмалы түрде баяндалды. Сонымен қоса, университетіміздің  белсенді студенттерінің ғылыми жобалары баяндалып, талқыланды. Айта кетсек, «Маркетинг», «Экономика», «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенттері А. Тресова, А. Пашенко, И. Калиева, И.Реснаяның «Тепло в дом» использование местных материалов для сохранения тепла» атты жобалары, «Информатика» мамандығының 2 курс студенті Н. Досқараевтың «Программно-интерактивный комплекс «Өлкетану» атты жобасы және «Туризм» мамандығының 2 курс студенті А. Алдамжаровтың «Ветряные турбины с солнечными панелями» атты жобасы талқыланды.  Баяндамалар негізінде қозғаған ғылыми жобалардың авторларына студенттер тарапынан сұрақтар қойылып,  сын-пікірлер айтылып, барлығы бір ауыздан қолдайтындарын білдірді.

konf nauka 2konf nauka 3konf nauka 4

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua