«Ғылымның қия жолында» тақырыбындағы кездесу кеші

konf obped 4 2014 жылдың 4 сәуір күні университеттің Жалпы педагогика, психология  және өзін-өзі тану кафедрасының аға оқытушысы, магистр Л.М.Маденованың ұйымдастырумен  Ғылым күніне арналған «Ғылымның қия жолында» тақырыбында кездесу кеші өткізілді.

Кездесу кешіне Тарих ғылымдарының докторы Ахметова Ұлжан Төлегенқызы, Химия ғылымдарының кандидаты Кунашева Зарипа Хайроллақызы, Тарих ғылымдарының кандидаты Тукешова Назгүл Мұқатайқызы, Жалпы педагогика, психология және өзін-өзі тану кафедрасының меңгерушісі А.А.Жантуреева,  Ғылым және коммерцияландыру департаменті директоры Э.Ж. Имашев, университтетің тәрбие   бөлімінің  жетекшісі А.С.Жақсығалиева арнайы шақырылды.

Сөзді бірінші болып кешті ұйымдастырушы жалпы педагогика, психология және өзін-өзі тану кафедрасының аға оқытушысы, магистр Л.М.Маденова алып,  шақырылған қонақтарды таныстырды. 

Сонымен бірге кездесу кешінің басында студенттерімізді «Ғылымдағы ғұмыр» атты алдын-ала дайындалған ғылыми көрмемен кітапханашы Т.С.Нашинова әр ғалымның ғылыми еңбектерімен таныстырып өткендігін атап өтті. Кездесу барысында ғалымдарға сөз беріліп, ғылым жолындағы өмірлері жан-жақты қамтылды. Ғылым жолы қажырлы еңбекті қажет ететін күрделі әрі тыңғылықты ізденіс екендігі  қарастырылды.

Кешке қатысушы студенттер тарапынан өз еркімен ғалымдарға сұрақ койып, пікір алмасушылар  болды.  Қазақ тілі мен әдебиеті   2 курс студенті  Насипова Асылзада, Физика мамандығының 1 курс студенті  Төлен Әйгерім және биология мамандығының  2 курс студенті Чандыбаева Гүлнұр  кештің тақырыбы өте өзекті  әрі студенттер үшін қызықты екендігін және болашақта осындай шараларды кеңінен насихаттау қажеттілігін айтып,  келген ғалымдарға, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

konf obped 1konf obped 2konf obped 3

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua