«Бір ел - бір кітап 2014» акциясы

knigaЕлбасымыздың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында айтылған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі Қазақстан қоғамынының рухани тірегіне айналып, патриоттық рух пен биік адамгершілік өнегеге бағытталуы тиіс. 

Ескі қағидаға сүйенсек - «халық өткенін бағамдамай, болашаққа жылжи алмайды». Сондықтан дәстүр, тарих, мәдениет сияқты рухани құндылықтарға баса назар аудару қажет.

Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы Қазақстанда аса танымал жобалардың біріне айналды. Бұл акция Қазақстанда алғаш рет 2007 жылы бастау алған болатын. Оқырман қауым жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен оқи отырып, автордың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен танысады. “Бір ел – бір кітап” акциясы бағдарламасынығ аясында  2014 жылы оқырман қауым, бүкіл ел Сайын Мұратбековтың “Басында Үшқараның” және “Жусан иісі” әңгімелерін оқиды.

Ұлы Отан соғысынан кейiнгi кезеңде халық құрметiне бөленген жазушы, Қазақстан Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, көркемсөз зергерi, бөлекше дарын иесi Сайын Мұратбековтың алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған.

Көркемсөз өрнегi ерекше, сұлу сөз иесi, сүйкiмдi шығармалар жазған халық жазушысы Сайын Мұратбеков Алматы облысындағы бұрынғы Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында 1936 жылы, 15-шi қазанда дүниеге келген Сайынды жастайынан атасы Мұратбек бауырына салып, өсiрiп-тәрбиелеген. Өз әкесi Сапарғали Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер.

Қазақтың көрнекті қаламгері Сайын Мұратбековтың шығармалары оқырмандарға кеңінен мәлім. «Жусан иісі» повесін кезінде оқырмандар жылы қабылдап, ыстық ықыласын білдірген. Қаламгер әңгімелерінің басты тақырыбы мен көтерген өзекті мәселесі - ауыл өмірі мен әлеуметтік жағдайдың өзара байланысын суреттеу арқылы кейіпкердің азаматтық табиғи болмысын, адамгершілік позициясын, рухани тазалығын, жан сұлулығын, нәзік құбылыстарын, сан қырлы қайшылықтарын, психологиялық этюдтермен өрнектеу. Осы мақсатта, ауыл адамдарының адалдығын, аңқылдақ, кіршіксіз ақкөңіл мінездерін, бауырмалдығын, ішкі ой-сезім иірімдерін, мұңы мен мұратын көркемдейді, күйкі тірлікті мінеп, оқырмандарына ой салады.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua