2013-2014 оқу жылының басында БҚМУ Ғылыми кітапханасы қазақ поэтессасы Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы туралы кітапхана блогы сайысына қатысып ең үздік жиырмаға кірді

sert blog

2013 жылы «Бір ел – бір кітап» акцияны ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша барша оқырман қауым бірлесіп оқуы үшін Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр жинағы ұсынылған болатын.

Осы акция аясында  кітапханалар арасында «Фариза Оңғарсынова жырлары шашқан шұғыла» атты Кітапханалық блогтардың халықаралық байқауы оздырылып, ол байқауға  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы да өз үлесін қосқан болатын. Осы жобаның қортынды сәті  2014 жылы 4 ақпан күні өз мәресені жете отырып жеңімпаздар мен үздік қатысушылар марапатталды. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының шешімімен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы «ҮЗДІК ТАҚЫРЫПТЫҚ БЛОГ» номинациясы бойынша «ӨМІРІ ӨЛЕҢМЕН ӨРІЛГЕН» жобасымен белсене қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua