«Білім кеңістігіндегі мәдениет, өнер және ғылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның өтуі туралы мәлімет

kazkirrosМ.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2013 жылдың 26 қарашасында «Білім кеңістігіндегі мәдениет, өнер және ғылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн жүйесінде өткізілді.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде Қызғызстан Республикасы Бішкек қаласынан өнертану докторы, профессор Қырғызстан Республикасының халық артисі Уразгильдеев Роберт Хасановичтың «Он оправдывает свое имя – Талант!»; Алматы қаласынан өнертану докторы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры Нұрпейіс Бақыт Какиқызының «Бүгінгі қазақ режиссурасының өзекті мәселелері»; РФ Краснодар қаласынан педагогика ғылымдарының докторы, Краснодар мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің профессоры Горбачев Александр Александровичтың «Развитие сферы туризма в Краснодарском крае»; Астанадан өнертану докторы, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Джумакова Умитжан Рахметуллаевнаның «Творчество композиторов Казахстана на рубеже двух  веков и «перегрузка» в его научном осмыслении»; РФ Челябинск қаласынан педагогика ғылымдарының кандидаты,  Челябинск мемлекеттік мәдениет және өнер академиясының доценты Матвеева Ирина Юрьевнаның «Управление информационным поведением как средство защиты от информационной манипуляции»; Астанадан өнертану кандидаты, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Ізім Тойған Оспанқызының «Ұлттық ойындардың фольклорлық  бидің дамуындағы ролі» атты баяндамалары оқылды.

Конференция жұмысына М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің профессор-оқытушылар құрамы, БҚО және Орал қаласы өнер, музыка мектептерінің, Құрманғазы  атындағы саз колледжінің мұғалімдері, мәдени қызметкерлер, өнер ошақтарының жетекшілері, жас ғалымдар-магистранттар мен студенттер қатысты.

Конференция М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ҒЖ және ХБ жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор  Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлының алғы сөзімен басталды.

Конференция жұмысына қатысу үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарынан, колледждер мен мектептерден, көршілес Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарынан, Кипр Халықаралық университетінен, Кырғызстан Республикасының жоғары оқу орындарынан барлығы 90 баяндама түсті. Баяндамалар тақырыптарында білім кеңістігіндегі өнер мен мәдениеттің хал-ахуалы, олардың болашақта даму жолдары қарастырылып, өнертану және педагогика салаларының бүгінгі таңдағы бағыт-бағдары сөз болды.

Конференция жұмысында  пленарлық мәжілістен өзге төрт секциялар қамтылды:

1. Мәдениет, өнер, білім: тарихи тәжірибе және қазіргі бағдары

2. Өнердің бүгінгі қоғамдағы дамуының өзекті мәселелері

3. Мәдениет және өнер саласындағы халықаралық ғылыми қатынастар мен инновациялық әдістер

4. Жоғары білікті кадрларды дайындаудағы мәдени білім беру қызметінің ролі

Конференцияның  мән-маңызы зор болды. Алысқа ұзамай-ақ кешегі кеңес өкіметі жылдарында біздің өнеріміздің өлшемі таптық тұрғыдан бағалануы бүкіл өнердің өз заңдылығымен дамитын біртұтас диалектикасын мансұқ еткені бәрімізге аян. Сондықтан да біздің алдымызда ешқандай үзіп-жұлып жырымдалмаған, өнердің біртұтас тарихи портретін жасау міндетімен бірге оның сан-салалы түрлерінің осы заманғы теориялық ой биігі, өлшемі негізінде жаңаша тану, сараптау және қайта бағалау секілді үлкен ізденіске толы мұратты істер күтіп тұр.

Олай болса  халықаралық дәрежеде өткен конференциямызда осынау ғасырлар қойнауынан бүгінгі күнге дейін ата-бабамыз жасаған саф алтын рухани жан дүниеміздің сарқылмас жемісі саналатын өнер түрлері мен оның қым-қуат  тарихи және қазіргі хал-жағдайы жайында салмақты сөз болғанын, осы салиқалы жиында бүкіл өнер жағдайының жан-жақты ғылыми тұрғыда түйткілді мәселелерінің басы ашылып,  конференцияның сәтті өткенін үлкен қуанышпен айтқымыз келеді.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua