«Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ өкілдерімен кездесу өтті.

 

inti2013 жылдың 26 қарашасында сағат 16.00-де М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ғалымдарының «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты біріншіден, Қазақстан әлемінің басымдылыққа ие мәселелерін шешуге бағытталған ақпараттарды аккумуляциялау және жинау үшін ғалымдармен, аналитиктермен кездесу болса, екіншіден, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне негізгі басымдылыққа ие мәселелер бойынша Аналитикалық жазба дайындау үшін аймақтардан ғылым-сарапшылар іздеу болатын. Кездесу сұрақ-жауап алмасу бағытында өтті. Кездесудің негізгі қонақтары «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ның вице-президенті - Бапиева Маринат Қайырбайқызы және «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ның Батыс Қазақстан филиалының директоры – Галиева Елена Петровна.   Кездесудің алғы сөзін  ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының  докторы,  профессор – Мұқтар Әбілсейіт Қапезұлы ашып, әрі қарай Алматыдан келген қонағымыз «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ның вице-президенті - Бапиева Маринат Қайырбайқызы өз баяндамасын оқып, Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының жаңалықтарымен бөлісті. Кейін университетіміздің ғалымдары көкейлеріндеге ойландырған сұрақтарын қойып, талқыға салды.

Қорыта келе, Маринат Қайырбайқызы алдағы уақыттарда талқыланған көкей-кесті мәселелердің шешімін табатынын ашып айтты.

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua