«Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі Алаш арыстарының көсемі, Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы атындағы Тілдерді оқыту орталықтары оқытушыларының арасындағы облыстық байқауын ұйымдастырылды

30 мамырда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Батыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі Алаш арыстарының көсемі, Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы атындағы Тілдерді оқыту орталықтары оқытушыларының арасындағы облыстық байқауын ұйымдастырды. Бұл шараға облыс аудандарынан және Орал қаласы бойынша 8 үміткер өтініш білдіріп қатысты.

Байқау ересектерге мемлекеттік тілді оқытатын шығармашыл оқытушыларды анықтау, қолдау, марапаттау, оқытушылардың кәсіби-педагогикалық шығармашылығын шыңдау және мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ілгерілету, оқытушылардың латын графикасына негізделген қазақ тілін оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасу, латын графикасына негізделген қазақ тілін меңгертудің озық үлгісіндегі педагогикалық тәжірибелерді тарату бағытында ұйымдастырылды.  

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua