«Батыс Қазақстан облысы табиғи мұрасының туристік әлеуетін зерттеудегі қарым-қатынастарды дамыту» атты дөңгелек үстел өтті

IMG 0464 mini21 мамыр күні М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Батыс Қазақстан облысы табиғи мұрасының туристік әлеуетін зерттеудегі қарым-қатынастарды дамыту» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен БҚО Білім басқарамасы «Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» арасындағы ғылыми-педагогикалық қарым-қатынас туралы меморандумға қол қойылды. Аталмыш шараға: Ефимов Владимир Михайлович - геолог және палеонтолог, Бүкілресейлік Палеонтологиялық қоғамы Ульянов бөлімінің төрағасы, геолого-минералогия ғылымдарының кандидаты, Фомин Виктор Павлович - БҚО Білім басқарамасы «Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Джонна Морачевска – Ұлы Казимир Университетінің профессоры, философия докторы PhD (Польша, Быдгощ қ.), Якименко Галина Алексеевна – ҚР құрметті геологы, БҚО жас геологтар командасының ғылыми жетекшісі, Светлана Федоровна Бидашко - жоғары деңгейдегі зоолог-маман, энтомолог Федор Григорьевич Бидашконың қызы және БҚМУ ғалымдары қатысты. М.Өтемісов атындағы БҚМУ базасындағы палеонтологиялық мұражайдың құрылуына байланысты белгілі ресейлік ғалым-палеонтолог В.М. Ефимовтің университет мұражайына 20 флора мен фауна қазбалардың жәдігерлерін табыстады. М.Өтемісов атындағы БҚМУ базасындағы зоологиялық мұражай жәдігерлерін толықтыру мақсатында және қажетті деңгейде сақтау мен ғылыми материалдарды жүйелеу үшін Қазақстанның обаға қарсы қызметінің беделді маманы, жоғары деңгейдегі зоолог-маман, энтомолог Федор Григорьевич Бидашконың жанұясы 70-ке жуық энтомологиялық жәдігерлерді табыстады.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 22–26 мамыр аралығында Бүкілресейлік Палеонтологиялық қоғамы Ульянов бөлімінің ғалымдары, Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының мамандары және М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғалымдары мен студенттерінің қатысумен Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Погодаево селосы мен Щучкино селосы аралығындағы мезозой қатпарын зерттеу бағытындағы біріккен палеонтологиялық қазба жұмыстарын ұйымдастыру жоспарлануда.

 

IMG 0472 mini

IMG 0475 mini

IMG 0480 mini

IMG 0487 mini

 IMG 0506 mini

IMG 0507 mini

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua