«Meniń Armanym» ұлттық байқауының Батыс Қазақстан облысындағы іріктеу кезеңінің ашылу салтанаты өтті

IMG 9892 mini

Бүгін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жастар бизнес-жобаларына арналған «Meniń Armanym» ұлттық байқауының Батыс Қазақстан облысындағы іріктеу кезеңінің ашылу салтанаты өтті. 2019 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Ақпараттық-талдамалық орталығы» АҚ және «SUCCESS K» стратегиялық коммуникациялар агенттігінің ұйымдастыруымен еліміздің түкпір-түкпірінде өткізілуде.

«Менің арманым» – әлеуметтік бірегей маңызы бар және жас жаңашылдардың жалпыға пайдалы бастамаларын анықтайтын байқау. Ал, оның негізгі мақсаты – қазақстандық жастардың әлеуметтік белсенділігін, сыни ойлау және әлеуметтік-шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, зияткерлік әлеуетін жетілдіруге мүмкіндік жасау. Сонымен бірге аталмыш байқау жастардағы сыни ойлау философиясын дәріптеуге бағытталған білім беру үдерістеріне жәрдемдесу және қазіргі әлемді бүтіндей қабылдау, мәселелерді шешудің баламалы жолдарын көре білулерін дамыту, жаңа идеяларды тудыра білу қабілеттерін, стереотиптерді жеңу, бөгде пайымдауларды дұрыс бағалау және өз ұстанымында дәлелді түрде тұрақтау философияларын дәріптеуге бағытталған процесіне қолдау таныту, қазақстандық жастардың назарын қоғамдағы әлеуметтік өзектілігі басым мәселелерін шешуге тарту, жобаларды әзірлеу және іске асыру бойынша жастардың әрекеттеріне қолдау таныту және ынталандыру, әлеуметтік жобалаудың тиімді тәжірибесін тарату сынды міндеттерді шешуді көздейді.

Бұл жоба не үшін, ең бастысы кім үшін қолға алынып отыр? Байқау атауының жүгін «арман» деген сөз көтеріп тұрғаны көзге бірден түседі. Мемлекет үшін сіздің арманыңыз құнды. Айта кету керек, «Менің арманым» жобасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласыныңда көрсетілген идеяның іс жүзінде іске асырылуы болып табылады және де аталмыш бағдарламаның қолдауымен өткізілуде.

IMG 9856 mini

IMG 9868 mini

IMG 9887 mini

IMG 9905 mini

IMG 9949 mini

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua