23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні

 

«Сіз қай кітапты оқығаныңызды айтыңызшы, мен сіздің кім екеніңізді айтып берейін». Жазушы мен оқырман арасындағы байланыс кіршіксіз тазалық биігінде қалыптасады. Туынды оқырманның тұрпатында оянуы үшін жазушы қиялының кереметтілігі мен үйлесімділігі бір бағытта шеңберленуі маңызды. Оқушы мен жазушының үнсіздік ішіндегі рухани байлығын бағдарлау және одан әрі тереңдету мақсатында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында 23 сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай көркемдік бейне бедерленген керемет шара болып өтті. Шара т.ғ.д., көптеген кітаптардың авторы, патентері бар Е.С.Айталиевпен ізденіс пен байланыс турасындағы әңгімелеуден басталды. Ермек ағамыз кешегі күн мен бүгінгінің арасындағы оқырман кейіпі мен қазіргі жастардың оқырмандық міндеткерлігі жөнінде ой қозғау салып, студент жастармен пікір алмасты. Шараның екінші бөлімінде университетіміздегі кітапханалармен үнемі байланыс жасап, көркем туындыларға ерекшелікпен қарай білетін, рухани үнді бойларына сіңіруді қажеттілік деп тапқан студент жастар өздері сүйіп оқыған шығармалардың композициясымен көрермен қауымды таныстыра отырып жазушының шын берілген оқырманы болуға шақырды. Филология факультетінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мамандығының 3-курс студенттері Қасымбеков Әзірет Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» шығармасын, Шаекенов Арман Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» туындысын көркем түрде көрерменге таныстыра отырып, композициялық шолу жасады. Филология факультетінің қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мамандығының 3-курс студенті Қуанышева Гүлжайна қазақ әдебиетінің кербұғысы атанған Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» туындысын әдемі әңгімелеп берді. Шараның үшінші бөлімі «Кітап білім бұлағы» атауымен көрменің таныстырылуы жөніндегі бағытпен жалғасын тапты. Көрме «Құнды тарту», «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық», «Ең көп оқылған кітап» атты бөлімдерден жасақталған. Алдыңғы екі бөлім бойынша шара басталғалы бері ой қозғалса, соңғы бөлім бойынша Филология факультетінің филология:қазақ тілі мамандығының 3-курс студенті Сәрсенғалиева Гүлмира студенттердің қызыға да ерекше екпінмен оқитын алдыңғы қатарлы деген үздік туындыларды таныстыра отырып шебер суреттеулерді көрерменнің көз алдында бейнелеп берді, жастар атынан өзіндік пікірінде ортаға салды. Шараның бағдарламалық барысындағы сағат жарымға жуық уақыт ішінде көрерменге қызығушылық пен саралы ой салғыза білген кеш келер күннің азығы рухани үндесімділікпен кітап беттерінде мәңгілігін сақтайтынын терең аңғартты.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua