«Жастар және ғылым» атты 77-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

IMG 6346 mini15 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жыл сайын ұйымдастырылатын «Жастар және ғылым» атты магистранттар мен студенттердің 77-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Биылғы жылы Жас ғалымдар кеңесі және студенттік ғылыми қоғам мүшелері жастар жылына арнайы ерекше форматта дайындаған. Университет қабырғасынағы әрбір жастың көкейінде ғылымға деген қызығушылық тудыру үшін бастапқы саты ретінде ұйымдастырылатын бұл жобаға барлық факультет белсене қатысады. Құттықтау сөз алған университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Қ.М.Ахмеденов: Жастар – еліміздің болашағы. Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев әрдайым өз сөзінде адам капиталына басты назар аударады. Қоғамның дамуы үшін ғылымға қосар үлесі бар жастарды дайындау біздің университетіміздің басты миссиясы. Бүгінгі жас – ертеңгі тұлға. Жастардың ел тарихында алар орны зор. Алғашқы басқан сатыларыңыз сәтімен болсын. Баршаңызды ғылым апталығының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!-деді.

Университет атын облыс пен республикаға танытып жүрген ғалымдар өз баяндамалары мен жобаларын ұсынды.

Шара соңында университетіміздің жас ғалымы, география саласы бойынша PhD доктор, ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінің жетекшісі Имашев Эдуард Жусупович өзінің ғылым жолын әңгімелеп берді. Осындай ғибратты ғұмыр иесі студенттерге үлгі болары анық.

Апталықтың алғашқы күндерінде әр факультетте ғылыми жетістіктер көрмесі ұйымдастырылады. Жоспарға сәйкес ғылыми баяндамалар байқауы оздырылып, жас ғалымдармен кездесулер көзделуде. Ең үздік ғылыми үйірмелердің жұмысы бағаланып, жастарға серпіліс беретін «Start up WKSU» жобасы жүзеге асады. Бүгінгі күні жас ғалымдар кеңесінің айтуы бойынша 38 секция ұйымдастырылып, барлығы 545 баяндама келіп түскен.

 

IMG 6348 mini

IMG 6367 mini

IMG 6375 mini

IMG 6382 mini

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua