2019 жылы 20 ақпан күні Ғылыми кітапханада ТМД-да «Кітап жылы» деп жариялануына орай «Кітап - сарқылмас қазына» атты көрмесі шығарылды

Кітап – сарқылмас қазына

2019 жылы 20 ақпан күні Ғылыми кітапханада ТМД-да «Кітап жылы» деп жариялануына орай «Кітап - сарқылмас қазына» атты көрмесі шығарылды.

Мақсаты: студенттерді кітап және кітапхана тарихымен таныстыру, кітаптарды насихаттау және кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Кітап - рухани қазына, рухани байлық көзі, өмір айнасы, заман сыры, тарих шежіресі, білім бұлағы, оқу-тәрбие құралы, саяси күрес қаруы. Кітаптың дамуы - жазу өнерінің шығуы және қажетті материалдардың табылуымен тығыз байланысты болды. Көрмеде Н.Ә.Назарбаевтың «Мeн қазақстандықтарға, әсіресе жастарға тағы айтамын: кітап оқыңыздар! Бүгінде ұлттық бәсекеге қабілеттілігі оның білім деңгейіне байланысты. Кітап адамды жан - жақты дамытады, өй-өрісін кеңейтеді» - дәйектеме сөзі және Мұхтар Әуезовтің «Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады» - дәйектеме сөздері қойылды. Шараға Пимно-21, Пимно(у)-13(Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі), ПиП-31(Педагогика және психология), ИИЧ-31(Бейнелеу және сызу өнері) студенттері қатысты. Студент Темирболатова Аяулым «Біз кітап арқылы әріп танып, білім әлеміне аяқ басамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі- өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған-тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ».

Ізтұрғанова Гүлстан «Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол Отанды сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Біз өзімізге керекті осы кітап беттерінен аламыз. Қазір әлемде техникалық ақпараттың ғарыштап дамыған заманында да кітап оқу керек деп ойлаймын» деп өз ой пікірлерімен бөлісті.

Кеш барысында кітапханашы Гүлшира Шаденқызы «Кітап – сарқылмас қазына» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

 lib220219-1  lib220219-2

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua