«Сырда туған сырбаз ақын». Ғылыми кітапханада көлемді шаралар жалғасын табуда...

Сырда туған сырбаз ақын

tajbaev190219-1Ғылыми кітапханада  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласы аясында көлемді шаралар жалғасын табуда. 

Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған  «Бір ел – бір кітап 2019»  республикалық акциясы бойынша биыл екі кітап таңдап алынды. Олар Әбіш Кекілбаевтың  «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділдә Тәжібаевтың өлеңдері. Осыған орай  Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы және қазақ филологиясы кафедрасы бірлесе отырып Әбділдә Тәжібаевтың өлеңдеріне арналған поэзиялық кеш өткізді.  Аталмыш шараға БҚМУ профессор - оқытушылар құрамы, қызметкерлер, студенттер қатысты. Шара атақты ақын, көрнекті ғалым,танымал драматург, белгілі қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің тарихында есімі алтын әріппен жазылған ірі суреткер Әбділдә Тәжібаевтың өмірбаяны мен шығармашылығын таныстырумен басталды. Ә.Тәжібаевтың  «Қыз бен солдат»  атты пьесасынан үзінді қойылымы көрсетілді. Қойылым барысы көрермен тарапынан қошеметке ие болып, керемет әсер қалдыра білді. Ақынның «Қыз бен солдат» атты пьеса желісінің немен аяқталатыны оқырмандар тарапынан қызығушылық танытып әрмен қарай өзгеде шығармаларын оқуға деген ынталарын білдірді.

Кеш барысында ақын шығармашылығының қыр- сырын тереңнен түсіну мақсатында студенттерге  сұрақтар қойылып, шығармашылығын тереңірек талқылай келе студенттер өз әсерлерімен бөлісті. Ақынның тағы бір қыры өлең жазу. Әбділда шығармаларының негізгі үлгісі, жанры – поэзия. Бұл жанрдың ішінде айқын ерекшелігі оның сыршыл, лирик ақын болуында.  Ақын Әбділдә Тәжібаевтың  «Сыр жырлары», «Ақындық», «Есіме түссе», «Өмірім менің» атты өлеңдерін филология факультетінің 1,2-курсының Кінәмә Ернұр, Серіков Бақытжан, Изимов Ернұр бір топ студенттері нақышына келтіріп оқыды.  Кешіміздің қонақтары  филология факультетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының  кандидаты  Аронов Құспан Ғұмарұлы мен БҚМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ниязғалиева Ағилаш Әділқызы  ақынның көзін көрген және сол кезеңдегі естеліктерімен  бөлісіп, ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан- жақты, жоғары көркемдікпен бейнелегенін, өте мол мұра қалдырғандығын айта өтті. Филология факультетінің 1-курс студенті  Амангелді  Жаннұр ақынға арнап өз арнауын мәнерлеп оқыды. Кеш соңында кітапханашы  С.С.Нұрғалиева «Сырда туған сырбаз ақын» атты кітап  көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

tajbaev190219-2Қазақ поэзиясында қайталанбас қолтаңбасын қалдырып, әдебиетімізді өрге сүйреген Әбділдә ақынның  өзі де  дана ақынға айналды. Дүниеде өлмейтін ақынның хаты, жақсының аты,- деп дана халқымыз айтқандай бұл өмірде өшпестей , өлместей етіп ізгілікті із, ұлттық әдебиетіміздің асыл қазынасына қосылған бағаға жетпес мұра қалдырған Әбділдә атамыз мәңгілік жүрегімізде, мәңгілік бізбен бірге. Жас ұрпақ ақын шығармашылығының  әлі де талай ұрпақты сусындатып, өз бағасын биіктен алатынына, мол мұра екеніне сөзсіз сенеді.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua