Қазақтың қылқалам шебері – Әбілхан Қастеев

12022019

2019 жылдың 7 ақпан күні суретші Әбілхан Қастеевтің туғанына 115 жыл толуына орай «Қазақтың қылқалам шебері - Әбілхан Қастеев» атты әдеби – сазды кеш өткізілді. Кешке бейнелеу өнері және сызу мамандығының І, ІІ, ІІІ курс студенттері, кураторлары Молдашова Бақытгүл Әбілқайырқызы, Испанова Айсана Төлеуқызы қатысты.

Кештің мақсаты суретшінің қылқаламынан туған шығармаларын таныстыру, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру бағытында өткізілді. Студент Қажығалиева Жаңылсын суретшінің өмірбаянымен таныстырды. Кеш барысында Ә.Қастеев туралы видеоролик жіберіліп, суретші туралы деректер тыңдалды. Ақындардың суретшіге арналған жыр – шумақтарын Сауенова Құралай, Нұқасова Ләйлә, Жұмағұл Жантур нақышына келтіре оқып берді. Студенттерге суретшінің өміржолдарынан викториналық сұрақтар ойнатылды. Молдашева Бақытгүл «Ә.Қастеев – адам жанын, оның шаттығы мен мұңын, қуанышы мен сүйінішін, ішкі ой арпалысын тереңнен түсіне білген және айналадағы табиғат құбылыстарымен адам көңіл – күйін шендестіре отырып, өз шығармалары арқылы соларды көпшілікке шебер жеткізе білген суретші» екенін айтып өтті. А. Габдуалиева: «Ә.Қастеевтің шығармалары – бір ғасырдың көлемінде бірнеше дәуірді бастан өткізді дерлік. Өйткені, олар халықтар өмірінің қалтқысыз айнасы, шынайы шындығы. Оның өмірі мен өнері мәңгі жасарған күйі көз алдымызда тұра бермек» деп пікір білдірді. Кеште Хайршақова Алтынай, Усағалиева Мадина «Самға» әнін көпшілік назарына ұсынды. Кеш барысында кітапханашы Айташова Гүлшира Шәденқызы «Қазақтың қылқалам шебері - Әбілхан Қастеев» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

12022019-1

Кеш барысында кітапханашы Айташова Гүлшира Шәденқызы «Қазақтың қылқалам шебері - Әбілхан Қастеев» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

 


 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua