Кітап – асыл да сарқылмас рухани қазына

Елімізде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы іске асырылуда. «Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған 17 кітаптың 1504 данасы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасына келіп түсті. Осы жоба негізінде ғылыми кітапхананың 4 оқу залында психология саласына арналған Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз: әлеуметтік психологияға кіріспе» 11-басылым, Дэвид Дж. Майерс «Әлеуметтік психология» 12-басылым, Дуэйн Щульц, Сидней Эллен Шульц «Қазіргі психология тарихы» 11-басылымдары бойынша кітапханашы Г. Шаденова библиографиялық шолуы өтті.

Педагогика-психология кафедрасының аға оқытушысы Н. Кулдашова кітапқа қатысты өз пікірінде:сыртқы ортаға бағынуды, өзін-өзі ақтап алуды, ең бастысы адам психологиясындағы ерекшеліктерге мұқият болуды баулитынын атап өтті. Және де осы кітап жөнінде ПИП-11,13, ПИП-31,33 студенттері өз пікірлерімен бөлісті.

Осы жоба аясында Д. Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін», Б. Дэвид «Әлеуметтану негіздері» 9-басылым кітаптарына кітапханашы Мақпал Ғалиқызы шолу жасады. Бұл шараға тарих, экономика және құқық факультетінің ИСТР-21, РЕГ-11, МО-21 топтарының студенттері қатысты.

Тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Гиззатов Саялбек кітап жөніндегі өзінің ойымен бөлісе отырып, студенттерге философиялық ойдың даму тарихына айрықша үлес қосу барысында танымал 15 ойшылдың шығармашылығымен еңбектерін оқуды ұсынды.

Бұл кітап бойынша 2-курс студенті Бекболат Ныгметжанов оқулық жөнінде өз пікірін білдірді. Реми Хесс «Философияның таңдаулы 25 кітабы», Алан Барнард «Антропология тарихы мен теориясы», Джорж Ритцер «Әлеуметтану теориясы» 10-басылым атты кітаптарына кітапханашы шолу жасау барысында студенттерге кітаптың шығу құрылымын таныстырды. Тарих ғылымдарының кандидаты Журасова Алтынай Шугаевна батыс философиясы дамуының елеулі кезендерін, батыстың аса көрнекті ойшылдарының 25 шығармасын атап өтті. Кітап көрмесі кемелденген кешке қаржы, аймақтану мамандықтарының УА-11,УА-21,Уа-31,Ф-11, Ф-21, Ф-31, РЕГ-11 топтары қатысып,студенттер өз пікірлерімен бөлісті. №1 оқу залында филология мамандықтарына арналған В. Фромкин «Тіл біліміне кіріспе», С. Тер-Минасова «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» кітабына кітапханашы Садап Нұрғалиева шолу жасады. Шолу барысында кітаптың филология студенттеріне және осы салада ғылыми жұмыстармен айналысып жүрген жас мамандарға арналғандығын атап өтті. Филология ғылымдарының доценті Ақзия Ниязғалиева студенттер құрамына кітаптың мазмұны мен келешек ұрпаққа берер мол мұрасының ерекшеліктерін айтты.

Филология: қазақ тілі мамандығының 3-курс студенті Сарсенғалиева Гүлмира тіл білімінің жалпы әлемдік деңгейдегі пайда болу үрдісі мен қазіргі тіл білімі саласының қарқынды дамуы жөнінде негізгі дәйектемелермен өз ойын баяндады. Болашақта осы дүниелердің терең білімді ұрпақ қалыптастыруға септігінің зор болатынын айқын атап өтті. Кітапханашы С.Сакаева К.Шваб «Төртінші индустриялық революция», Н. Грегори «Экономикс», Рикки У. «Менеджмент» 12 басылым, Дональд Ф. Куратко «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика, 10-басылым» келіп түскен кітаптарға библиографиялық шолу жасады. Шараға экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, магистр Егзалиева Асел Болатқалиқызы, аға оқытушы Янтурсина З. Ю. және экономика және туризм факультетінің студенттері қатысты. Асел Болатқалиқызы сөз алып, Гриффин «Менеджмент» оқулығының ең үлкен артық­шы­лығы – теориядан бөлек, шет мем­лекеттердегі орта, шағын, ірі кә­сіпорындардағы басқару тәсіл­дерінің нақты компанияларда қа­лай қолданылғаны, сол арқылы қан­дай жетістіктерге қол жет­кізіл­гендігі жөнінде нақты түрде деректемелер келтірілгенін баса айтты. Клаус Швабтыңда ең­бегі осал дүние емес.

Ол өзінің «Төртінші индустриялық ре­волю­ция» кітабында бірқатар эко­номикалық процестерге жан-жақ­ты баға беруге тырысады. Студенттер құрамы кітап жөнінде өз ойларымен бөлісті. Кітапханашы А. Габдуалиева Карен Армстронг «Идуаизм, хриастандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану Баяны», Энтон Джон Патрик Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы. 1 том Антика философиясы», Энтони Джон Патрик Кенни «Батыс философиясының жаңа тарихы 2 том. Орта ғасыр философиясы» атты кітаптар тізбегіне шолу жасалды. Биология және география факультетінің Б-11, Г-11 топ студенттері қатысты. Факультет деканы Тургумбаев А. А. және философия пәнінің оқытушысы Г. Молдашева әлемдік деңгейде үздік саналатын бұл оқулықтарды енді мемлекеттік тілде оқуға мүмкіндік бар екендігін атап өтті.

Жобаның екінші кезеңінің басты жаңалығы-педагогика, әдебиеттану, мәдениеттану, тарих, дипломатия, халықаралық заң және халықаралық бизнес құқығы бойынша оқу құралдарының қазақшаға аударылуы. Аудармашылар мен редакторлар әлем тілдеріндегі оқулық мазмұнын өзгертпей, сол қалпында жеткізу принципін ұсынды. Елбасының сарабдал саясаты мен ұлт жолындағы ұстанымдары болашаққа бағдар көрсетумен қатар алдағы рухани дамуымыздың өзегіне айналарына сеніміміз мол. Рухани даму жолындағы іргетастың «кітап» ұғымымен бірге қалануы - еліміздің қарқынды даму жолының асқарлы шыңына қарай қадамдататыны, рухани өмір сүру барысын ілгерілететіні сөзсіз белгілі.

 

til

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua