Кітапхана – қоғамның көпфункцияналды, көпдеңгейлі әлеуметтік институты

21092018

2018 жылғы 13-14 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында, Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында «Кітапхана – қоғамның көпфункцияналды, көпдеңгейлі әлеуметтік институты» атты Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі өтті.

Съезге 182 қазақстандық делегаттар, 15 шетелдік қатысушылар, оның ішінде АҚШ, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және т.б. мемлекеттер кітапханаларының жетекшілері мен мамандары, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Нұр Отан» партиясы, БҰҰ, ЮНЕСКО және басқа да үкіметтік, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдері, облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардың, жоғары оқу орындары кітапханаларының мамандары қатысты.
Съезде республикадағы кітапхана саласының болашақтағы саясатын анықтайтын, жаңғыртатын және жаңаша серпін беретін маңызды мәселелер талқыланып, кітапхана саласын одан әрі дамыту стратегиясының негізгі басымдықтары айқындалды.
Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезін ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдуманов ашып, ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Б.С.Әйтімова, белгілі ақын О.Сүлейменов, «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары, төраға кеңесшісі А.Шужеева, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Д.Әлиев., Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Ә.Д.Дербісәлі, Ресей мемлекеттік кітапханасының бас директоры В.В.Дуда, АҚШ Конгресінің кітапханасының түрік тілдерінің маманы М.И.Назарова барша қатысушыларды Кітапханашылар съезінің ашылуымен құттықтады.

210920181
Съезд шеңберінде: «Еліміздегі кітапхана желісінің сапалы адами капиталды қалыптастырудағы және қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі мен орны» тақырыбындағы пленарлық отырыс, «Қазақстандағы кітапхана саласын жаңғырту және дамыту мәселелері» атты дөңгелек үстел, «Қазақстанның цифрландыру контекстіндегі кітапханалар», «Заманауи кітапханалар: дәстүр және жаңашылдық», «Тәрбие және білім беру»: кітапханалардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі, «Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жұмыстарымен танысу», «Қазақстанның арнайы кітапханаларын сандық ортаға интеграциялау және заманауи форматта дамыту» тақырыптарындағы секциялық кездесулер ұйымдастырылды. Сондай-ақ кітапхана саласының жетекші шетелдік мамандарының қатысуымен «Кітапхана қорларын қалыптастыру, бірыңғай жіктеу, қазақстандық кітапханаларды каталогтау және авторитеттік файлдар» тақырыбында фокус-тренинг, шеберлік-сыныптары, тәжірибелік сабақтар, Астана және Ақмола облыстарының кітапхана қауымдастығымен мерекелік – онлайн-кездесуі өткізілді.
Съезд аясында үздік кітапханашы мамандар марапатталды, солардың ішінде М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапхана директоры Тоты Еркінқызы Алимбекерова.

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua