«Ар-намысым, қасіретім, қуанышым-Желтоқсан»

Тәуелсіздік қасиеті мол ұғым. Тәуелсіздік – кез келген адамның, ұлттың, халықтың, елдің еркіндігі. Өзінің алдында дербестігі. Сол баға жетпес Тәуелсіздік күніне орай М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен студенттер жатақханасының қабырғасында «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым-Желтоқсан» атты тақырыбында кеш өткізілді.Бұл шараны өткізудегі мақсатымыз студент жастарымызды отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баулап отырып туған жеріне деген сүйінішпеншілігін ояту, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру.

Тәуелсіз елдің болашағы жастар. Сондықтан студенттермен етене араласа отырып, патриоттық сезімдерін ояту. Аталмыш шараға филология факультетінің студенттері белсенді қатысты. Шара барысында «Тәуелсіздік тірегім »атты баяндаманы қазақ филологиясының 1-курс студенті Кінәмә Ернұр патриоттық сезімі мен оқып шықты. Ж.Молдағалиевтың «Мен Қазақпын» өлеңін – қазақ филологиясының 1-курс студенті Жанболатов Батырбек мақтаныш сезімімен оқыды. Сонымен бірге А.Бақтыгерееваның «Ерлікті көзбен көрген күн» атты өлеңін 1-курс студенті Бақытжанова Айзада оқыды. Ғайса Ғали Сейтақтың «Жұбан және желтоқсан» өлеңін орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курс студенті Максимов Даулет Нақышына келтіре әсерлі оқыды. Бақытжанова Айзада мен Насиев Төрехан тәуелсіздікке арнап өз туындыларын асқақ рухпен оқып, көрерменнің жүрегінен орын тапты. Шараны әрі қарай «Қазақстаным» атты әнімен Кінәмә Ернұр залды еліктіре патриоттық сезіммен орындады. Кеш соңында М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі А.О. Габдуалиева студенттерге өз ризашылығын білдіріп, кітапхананың атынан алғысын жеткізді.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua