Елбасы тарих толқыны

 

«Ойы озақтың –пікірі терең, сезімі сергектің –көзі қырағы», деген аталы сөз бар.Осы сөзге лайық Елбасы алысты болжай отырып, адамзат ұмтылысының ең ізгілікті құндылықтары - адам құқы, теңдігі, еңбекке, өсуге мүмкіндігі, өркенді тұрмысы, денсаулығы мен білім алуы жолында аянбай еңбек етуде.

Дана бабамыз Жүсіп Баласағұн:

«Елдің өзегі – білік, кілті - тіл қадір –қасиеті -кісілік» деген болса, Елбасымыз да қазіргі заман –адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы екенін жас ұрпаққа талмай ұғындырып келеді. Қазақстан бұл күнде әлемде сөйлесе сөзі, істесе ісі жүріп тұрған ықпалды, тұғырлы мемлекетке, ал Ел мен Елбасы бөлінбейтін егіз ұғымға айналды. Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей. Елбасымыз жайлы оның ерен еңбегінің бір жемісі, асыл адамды ұлықтайтын болашақтың жастарына мұра болып қалатын, тарих төрінен орын алатын Елбасымыздың айбынды азамат, асыл сөздерден апталып зерделеніп жазылған 3 мыңнан астам кітап жарық көрген болатын. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапхананың кітапханашылары 28-29 қараша күні еліміздің тұңғыш

президент күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Ғылыми кітапхананың № 1, №2, №4 оқу залдарының кітапханашылары «Тәуелсіздік тірегі-ұлттық тіл», «Елімен етене – Елбасы », «Кемеңгер Елбасы – ырысы елімнің», атты дөңгелек үстел оздырылып, кітап көрмесімен жалғасын тапты. Әдебиеттер көрмесінде Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолынан мәлімет беретін әдебиеттер және әлем көшбасшыларының президент туралы, әлемдік саясатта алатын орны жайында айтқан ой-пікірлері қойылды. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай өткен іс шарада педагогика факультетінің 1 курс студенті Салхаева Айгерім тұңғыш президенттің өмірбаянына тоқталды.

Бұл шарада оқу залының қызметкерлері көрмеге шолу жасап, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына байланысты қысқаша мағлұмат беріп, латын әліпбиін сарқылмайтын байлық көзі келешек ұрпағымыздың санасына сіңіру керектігін айтып өз ойларын білдірді. Шараға киелі қара шаңырағымыздың физика-матиматика факультетінің 1 курс студенттері, топ кураторы Л.И.Урынбаева, педагогика факультеті студенттері ФКС 15, ПиП 11, ПИМНО 11, ДОВ11, ПФ декан орынбасары Б.Ж.Гайпназарова қатысты. Өткізілген шараның басты мақсаты Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдыретті тұлға екенін таныту. Тұрақтылық пен бірлік, халықтар достығының беріктігінің кепілі –Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызмет жолын үлгі ету. Сол келісті келешектің көшіне ілесер жас ұрпақты, Елбасы сынды даралар жолына бағыттай білсек, ұпақтарымыздың келер күндері бұдан да жарқын, бұдан да айқын боларына сеніміміз мол.

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua