«Кітап-тарих, шежіре!»

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. «Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» — деген еді Ғабит Мүсірепов. Осы аталмыш ойды болдырмау үшін кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы  жайлы  түсіндіру, сонымен қатар студенттердің қызығушылықтарын арттыру мақсатында М. Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапхана ұжымы 23-сәуір күні - Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне орай бас ғимаратының дәлізінде жаңадан түскен кітаптар көрмесін ұйымдастырды.

kniga 1 Көрмеге барлық білім саласы бойынша әдебиеттер қойылды. Олардың ішінде айтып өтетін болсақ: А.Қалшыбек «Әдебиеттану ғылымына кіріспе», Е.Шаймерденұлы «Қазақ афоризмдері (Ақыл-ой антологиясы: бағзыдан-бүгінге дейін)», Т.О.Омарбеков «Қазақстан (Қазақ елі) Тарихы»: 4 кітаптан тұратын оқулық, Қ.Т.Жүмағұлов «Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы» оқулық құралы   және жоба жетекшісі Э.Баталованын  3 тілде жазылған, қазақ оюларымен өрнектелген ерекше кітап  «Менің Отаным-Қазақстан», және тағы да басқа  кітаптар қойылды.  

kniga 2

Құрметті студенттер мен оқырмандар! 

Таңдап талғап кітап  оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның  білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайды. Шекспир айтып кеткендей «Кітап маған тақтан да қымбат» - деп сол сияқты сіздерде әр кітапты өз тағыныздай көріп сүйсеніп оқуға шақырамыз!

kniga 3    

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua