ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2017 жылдың 12 сәуір күні М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Алгоритм» жаратылыстану ғылыми  институты Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен бірлесіп ғылым апталығына арналған «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді. 

2 2Авторлық құқық мәселелері; патенттеу; тауар белгілері; жаңалықтар және өнертабыстар; патенттік-лицензиялық жұмыс, әдеби және көркем туындыларды қорғау, бағдарламалық қамтамасыз ету, музыка, сахналық, сәулет, фотографикалық туындылары, заңға сәйкес шығармашылық туындылар (аударма, эссе, шолулар) сынды мәселелер қарастырылады. 

Дөңгелек үстелдің мақсаты жұртшылықты және студенттерді өнертапқыштықтың қызметімен таныстыру және  Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуына үлес қосатын патенттік-лицензиялық жұмысты түсіндіру болып табылады.  

Дөңгелек үстелде студенттер, магистранттар, университет оқытушылары, Батыс Қазақстан облысының өнертапқыштары қатысады. 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua