Армысыз әз, Наурыз!

Наурыз мейрамы - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Дәстүр бойынша Наурыз мейрамын бүкіл ауыл - ел болып тойлаушы еді. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққы, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды.

nayryz 1 nayryz 2 nayryz 3

Салт-дәстүрді жас ұрпақтың бойына  сіңіру мақсатында 16 наурыз күні БҚМУ Ғылыми кітапханасының №4 оқу залында Педагогика  факультетінің  педагогика және  психология   кафедрасының (Ш. Т. Толегенова) ПИМНО-11, СПМ-11 студенттерімен Наурыз мерекесіне орай  "Армысыз әз, Наурыз" атты іс-шара  өтті. Іс шарада барысында оқу залының қызметкері  М.Н. Днғалиева  көрмедегі көз қызықтырар  кітаптарға шолу жасап, қазақтың салт- дәстүрлеріннен  қысқаша мағұлмат  берді.  Іс-шараға қатынасқан  студенттер  Жұмағали Аругүл, Неғметова  Айдана қазақтың салт-дәстүріне байланысты ырымдар жайында өз пікірлерімен бөлісті. Шара соңында кітапхана қызметкерлері студенттерге алғыстарын айтып, ойлаған арман-мақсаттарына жетуіне тілек білдірді.

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua