Дарынды суретші Сәкен Ғұмаров

gumarov 122 ақпан күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің Ғылыми кітапханасында Сәкен Ғұмаровтың туғанына 80 жыл толуына орай іс-шара өтті. Шараның басты мақсаты  - сан ғасырдағы мол мұраларды,  кейінгі ұрпақ олардың қандай  ел болғанын, сол елдің мәдениетін артында қалдырған, соның ішіне сәулет, бейнелеу  өнерлерін жас ұрпаққа дәріптеу болып табылған еді. 

gumarov 2Шараға «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының ИИЧ-11, Д-11 топтарының студенттері қатысты. Ғылыми кітапхананың №4 оқу залының қызметкері М.Н.Днгалиева «Дарынды суретші Сәкен Ғұмаров» атты кітап көрмесіне шолу жасап,  студенттерді Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасында дүниеге келген С.Ғұмаровтың шығармаларымен таныстырып,еңбектеріне тоқталып өтті.Ал, ИИЧ-11 тобының студенті Назым Сисенғалиқызы С.Ғұмаровтың өмірбаянын оқып баяндады. gumarov 3Шара соңында бейнелеу өнерінің тілін түсінетін, болашақ қылқалам шеберлері , «провинцияда өнер өрге баспайды» деген қағиданы теріске шығарған Сәкен Ғұмаровтың өнер туындыларымен , сонымен қатар өмірбаянын жазған мерзімді басылымдармен қызықтай танысты.

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua