Кітапхана - білім ордасы

Ғылыми кітапхана ұжымы 16-шы  ақпан күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ-тің бас ғимаратында  жоспарға сәйкес «Ашық есік» күнін өткізген болатын. Бұл шараның басты мақсаты оқытушылар мен студенттерге  2016 жылғы Ғылыми кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттер тізімін ұсынып, олармен таныстыру  болып табылады. Біз ұсынған көрмеде «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары», «Жаңа әдебиеттер», «Библиографиялық көрсеткіштер», «Оқытушы-профессорлардың еңбектері», әйгілі шетелдегі OXFORD пен SPRINGER баспасынан келген «Ағылшын тілде оқулықтар », «Мектеп оқулықтары», «Электрондық оқулықтар» ұсынылған болатын..

den otkrit 1Ашық есік күніне әкімшіліктің өкілдері тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Т.М.Дәрішева, стратегиялық даму және коммерцияландыру офисінің жетекшісі Э.Ж. Имашев қатысып, соны мен қатар стратегиялық даму және сапа департаментінің басшысы О.В.Юров  сөз сөйлеп кітапхананың  маңызды рөл атқаратының атап өтті. den otkrit 2Кітап білім, интеллект тұлғаның  азаматтық және патриоттық қасиеттерін дамыту көзі болып табылаттынғын жеткізді. Ғылыми кітапхана оқу үрдісіне қажетті болып табылатын «Ашық есік» күнін тұрақты  өткізіп тұратындығы мәлім. den otkrit 3Біздің университеттің даму, білім беру және жастарды оқыту мақсатында кітапхананын  үлесі  баға жетпес деп ойлаймын. Көрмені тамашалауға келген студенттер мен оқуытушыларға  шара бағдарламасында «Жаңа әдебиеттер», «Сирек кітаптар мұражайы», Ғылыми кітапхананың  инновациялық RFID технологиясының мүмкіндіктері мен Электронды каталогпен жұмыстану әдістерін тамашалап, сирек кітаптар мұражайындағы сақталып келе жатырған көне дәуірдегі кітаптармен танысты. den otkrit 4Кітап көрмесінде  Алматы қаласының  баспасынан шыққан  2015-2014 жылдардағы  Б.Б.Кәрібаевтың «Қазақ қандығының құрылуы тарихы», Ж. Тілепов «XIV-XX ғасыр басындағы Қазақ әдебиеті», Д. Амантай «Махамбет философиясы» кітаптары  оқытушы құрамымен  мен студенттерді  қызықтырды. den otkrit 5Шараға  38 оқытушы, 2 магистрантар мен 279-дан   астам   студенттер қатысып, библиографиялық шолуды қызығушылықтарымен зейін қойып тыңдады. Шара соңында  Ғылыми кітапхана директоры  Т.Е.Алимбекерова сөз сөйлеп , оқытушылар мен студенттерге әр кітаптың сіздерге берер құнды қасиеті көп екендігін айттып, әрдайым  кітапханамен бірге болуға шақырды.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua