Елбасы жолдауы- мәңгілік ел

«Уақыт пен кеңістіктің қуатты демін жеткізуге алар жалғыз ғана күш бар. Ол - өлмейтін сөз өнері. Ұлы ойшылдар, асқақ ақындар, ой-талғамдарын өлмейтін сөзбен жеткізген. Ал өлмейтін сөздің алтын  сандығы - Кітап». 

Нұрсұлтан Назарбаев

news poslan 1 news poslan 2Елбасының  елге серпін беретін Жолдауын Қазақстан халқы асыға күтіп отыратыны мәлім. Өзінің маңыздылығымен ерекшеленетін бұл құжатта еліміздің алдында тұрған өзекті мәселелерінің шешімі де көрініс табады. Ғылыми кітапхана ұжымы Жолдауды талқылауға ақпан айының 8-і күні кітапхананың электронды оқу залында 2017 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын студенттермен талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.

news poslan 3 news poslan 4Дөңгелек үстелдің мақсаты:  Жолдаудың негізгі идеяларын насихаттау, бүгінгі күннің жастарына патриоттық тәрбие беру,  студент жастарға Қазақстанның саяси-экономикалық өсіп-өркендеу жолдарын таныстыру, Елбасының жолдауын насихаттау, еліміз  болашақ жастардың қолында екенін тағы мәрте еске түсіріп, оларды саясатқа деген қызығушылықтарын арттырып, өзіндік ізденіске шақыру болып табылады. Шара барысында  М.Өтемісов атындағы БҚМУ стратегиялық даму және коммерцияландыру офисінің жетекшісі Э.Ж. Имашев сөз сөйлеп, студенттерді жан-жақты дамуға шақырды. Бұл шараға оқытушылырда қалыс қалмай, «Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік саяси пәндер» кафедрасының аға  оқытушысы Т.Т. Шайхиев  «Еліміздің саяси жүйесінің демократияландыру үрдісінің жаңа белесі», «Қазақстан тарихы кафедрасы»,   т. ғ. к. Ж. А. Исмурзин  «Дамудың жаңа даңғылы» атты баяндамаларын  оқыды.  «Серпін» бағдарламасы бойынша грант иегері, «Ақиқат» пікірталас орталығының мүшесі, 07301 топ студенті  С. Амалова «Елбасы және Қазақстан» тақырыбында ой толғап, Елбасының ерен  еңбегінің арқасында, Тәуелсіз мемлекет болып қалыптастық деп  жастарға  рухани күш берді.

Ақпараттық технология бөлімінің кітапханашысы А.М.Кенжеғалиева  «Елбасы жолдады – елі қолдады» атты кітап көрмесіне библиографиялық  шолу жасады. Шолу барысында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтің өмірі мен саяси қызметі туралы жарық көрген кітаптармен таныстырды. Елбасының 1997 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан халқына Жолдауының көшірмесі кітапша түрінде  ғылыми кітапхана қорында сақтаулы турғанын атап өтті. «Жақсы кітап жандарыңызға серік болып, жан азығы- кітапты ардақ тұтайық »,- деп Елбасының өнегелі сөзімен сөзін қорытындылады. Кеш соңыңда ғылыми кітапхананың директоры  Т.Е.Алимбекерова  шараның барлық қатысушылары мен қонақтарына алғысын білдіріп, әрдайым кітапханамен бірге болуға шақырды.

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua