Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын талдауға арналған ғылыми кеңес

2017 жылдың 1 ақпаны күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын талдауға арналған кезектен тыс ғылыми кеңесі болып өтті.

news 11 news 12Кеңес университет ректоры, профессор А.С.Иманғалиевтің алғы сөзімен ашылып, «Махамбет» гуманитарлық зерттеулер институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.С.Қыдыршаев «Қазақстанның жаңғыруы – жаҺандық бәсеке жолындағы жаңа шешім, тың қадам», стратегиялық даму және сапа департаментінің директоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты О.В.Юров «Социальная стабильность и эффективное экономическое развитие главная задача Казахстана»,  құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі А.Қ.Нұржанова «Қазіргі таңдағы Конституцияға енгізілген өзгерістердің тиімділігі», мәдениет және өнер факультетінің 3-курс студенті О.Н.Рахимов «Жаңашылдыққа жаңа қадам - жастар көзімен» тақырыптарында баяндама жасады. Ғылыми кеңес жұмысына жергілікті және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын талдай келе М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы қарар қабылдады. 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua