Сақталар мәңгі мұрасы

«Ерлік - елге мұра, ұрпаққа - үлгі » дегендей алдымыздағы аптада қаңтардың 28 жұлдызында ХХ ғасырдың басындағы алғашқы мемлекеттік құрылым Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай қаламыздағы  Мәншүк Мәметова мемориалдық  мұражайында тарихи шара өткізілген болатын. Махамбет ұландары, яғни М.Өтемісов атындағы БҚМУ тарих мамандығын бойынша І  курс студенттері қатысқан  бұл шарада еліміздің мемлекеттік және қоғамдық істерінде белсене атсалысқан бірқатар қайраткерлер – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жанша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедов, Уәлихан Танашев және басқалары туралы арнайы деректі фильм көрсетілді. 

orken 1 orken 3

Шара барысында мұражай директоры Светлана Саржанқызы алаш қайраткері Ахмет Мәметовтың досы Әлжанов туралы бұрын беймәлім болып келген тың деректермен таныстырды. Әлжанов ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында қоғамдық істердегі белсенді мүшелердің бірі әрі кейін айыпталып, жазалауға ұшыраған тұлға. Ол туралы деректерді қайраткердің қазір қалада түратын немересі әкеліп мұражайға тапсырған екен. 

  Шараның екінші бөлімі мұражай мен мұражай экспонаттарымен таныстыру түрінде өтті. Мұражай – өткен уақытпен жүздесе отырып, бүгінгі өмірге тарих парасатымен қарайтын орын. Батыс Қазақстан облысында 1982 жылдан бері өз рухани байлығын жоғалтпай, соғыс пен бейбітшілік, төңкеріс пен тұрақтылық, уақыт пен кезең, ғасырлар мен дәуірлер аясы осы мұражайда сақталған.

  Мұражай экспозициясында 30-шы жылдардың кезеңі ретті түрде көрсетілген. Себебі, дәл осы үйде Мәметовтар отбасы 1932 жылдан 1934 жылға дейін қоныс тепті. Осында Мәншүктің анасы Әмина Сулейменова тапсырған бірегей, 2000нан астам түпнұсқалық экспонаттар орналасқан. Айталық, Мәметовтор отбасының тұрмысы мен ішкі көрінісі: орындықтар, айна, сандық, ыдыс, “Zinger” тігін машинасы, қобдишалар, кестелер, хаттар, жеке самаурын және т.б. заттарды кездестіресіз.

  Мұражайдың негізгі экспозициясы 5 залдан тұрады. Оның негізі – Ұлы Отан соғысының барысы, 1941-1945 жылдары Орал бойындағы Батыс Қазақстандықтардың қатысуы, жерлестеріміздің фашизмді жеңуге қосқан үлесі. Хронологиялық тәртіпте экспозиция соғыс тарихы жайында айтады, кеңес-германдық майдандағы соғыс әрекеттерінің барысы баяндалды.

  Кездесу барысында Светлана Саржанқызы қоғам қайраткері, алаштанушы  Жайсан Ақбаевқа «Мәншүк Мәметова атындағы төс белгі» және Альфия Сабырғалиқызына шараларға белсене қатысқаны үшін «Мәншүк Мәметова атындағы алғыс хат» табыс етті.

  Өткен шарадан топ студенттері алашорда қайраткерлері турасында мәліметтермен сусындап, Мәншүктің қайраттылық қасиетін сезініп, тарихи мұражай экспонаттарын көріп қайтты.

 Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні,  әр ел мұражайы ұқыпты түрде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысатынын ескере келе, болашақ ұрпаққа мәңгі мұра болып сақталары хақ.

 Мақала авторы: 

тарих, экономика және құқықтану факультетінің студенті

 Құспанова Алмагүл Ерсаинқызы.

 

БӨЛІСУ

Submit to DeliciousSubmit to DiggSubmit to FacebookSubmit to Google BookmarksSubmit to StumbleuponSubmit to TechnoratiSubmit to TwitterSubmit to LinkedInSubmit to BobrdobrSubmit to LiveinternetSubmit to LivejournalSubmit to MoymirSubmit to OdnoklassnikiSubmit to VkcomSubmit to Yaru

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua