М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, п.ғ.д., профессор Иманғалиев Асхат Сәлімұлы 1,2 курс магистранттарымен кездесті.

2016 жылдың 8 желтоқсанында М.Өтемісов атындағы БҚМУ бас ғимаратының 301 аудиториясында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, п.ғ.д., профессор Иманғалиев Асхат Сәлімұлы 1,2 курс магистранттарымен кездесті. Кездесуге университет проректорлары, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, департамент және бөлім жетекшілері мен директорлары қатыстырылды. 

rect 1 rect 2 rect 3 rect 4

Кездесу барысында магистранттардың алыс-жақын шетелдердің ЖОО-да ғылыми тағылымдамадан өтуі, оқу үрдісінің сапасы, магистранттарды жұмысқа орналастыру т.б. маңызды мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар ректор шет тіліне аса зор мән беру керектігін айта отырып, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу үшін басты талаптардың бірі ағылшын тілін білу болып табылады, ол IELTS халықаралық тестілеумен расталатындығын атап өтті. Магистранттарға шет тіліндегі әдебиет көздерімен жұмыстанып, білімдерін шыңдай отырып, оқуларын PhD докторантурамен жалғастыруларын айтты. Қорыта келе, А.С Иманғалиев магистранттарға жаңа табыстар мен жаңа белестер тіледі.

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық бөлімі

 

БӨЛІСУ

Submit to DeliciousSubmit to DiggSubmit to FacebookSubmit to Google BookmarksSubmit to StumbleuponSubmit to TechnoratiSubmit to TwitterSubmit to LinkedInSubmit to BobrdobrSubmit to LiveinternetSubmit to LivejournalSubmit to MoymirSubmit to OdnoklassnikiSubmit to VkcomSubmit to Yaru

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua