«Синтаксистің кейбір мәселелері» атты ғылыми-әдістемелік семинар

2016 жылдың 30-шы қараша күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде филология факультеті, орыс филологиясының ұйымдастыруымен ф.ғ.к., доцент Николай Сергеевич Жигалиннің 75 жасқа толу мерейтойына орай «Синтаксистің кейбір мәселелері» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. 

Николай Сергеевич Жигалин ұзақ жылдар бойы университетіміздің ұстазы болып еңбек етіп келеді. Ол - тамаша педагог, тәрбиеші, білікті маман, ізденпаз ғалым. Облысымыздың көптеген орыс тілі мен әдебиеті мамандары сол кісінің дәрісін тыңдап өскен, білім нәрімен сусындаған.

Ғылыми-әдістемелік семинарға университетіміздің әкімшілігі, оқытушылық-профессорлық құрамы және студеттер қауымы қатысты. Сонымен қатар айтулы шарадан қалалық мектеп  мұғалімдері де тыс қалмады. 

zhigalin 1 zhigalin 2 zhigalin 3 zhigalin 4

 

 

Семинар мәжілісі п.ғ.к., доцент Латыпова Рима Хамитовнаның мерейтой иесінің танымдық, биографиялық шолуымен ашылды. Семинардың көтерген мәселесі  синтаксистің зерттелуі және оқытылу жайы болды. Бұл мәселені көтеріп ф.ғ.к., БҚИТУ-нің доценті Қайыров Асан Бақиұлы (Синтаксистің бүгінгі таңдағы зеттелуі мен зерттеушісі жайында); филология ғылымдарының магистрі,  №16 ЖООБ мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Мокрецова Маргарита Михаиловна («Сабақтас құрмалас сөйлемдердегі болымсыз мағына»); Филология ғылымдарының магистрі, М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушысы Седова Елена Андреевна («Лексикалық мағынамен толысатын құрылымдық айналымдар»); орыс тілі мен әдебиеті мамандығының магистранты Иртикеева Анна Федоровна («Мезгілдік мағына беретін сөз қолданыстары») арнайы ғылыми баяндама оқыды. 

Семинар қатысушылары белсене қатысып, практикалық мәселелерге қатысты сұрақтар қойды, сол сияқты мерейтой иесін құттықтай келген әріптестері, шәкірттері сөз алды. Олардың ішінде Н.А.Заварзина, Д.С.Терещенко, О.В.Талецкий, т.б. болды.

Мерейтой иесін университет студенттері  де құттықтаусыз қалдырмады: ән салды, би биледі, қойылым  қойды.  

Семинар Николай Сергеевичтің шексіз ризашылығымен, жүрек жарды  ілтипатымен аяқталды. 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua