Қабілетті мұғалім – қарымды ұрпақ кепілі

Жас  ұрпаққа білім беріп, тәрбие үйретуде мұғалім қандай істерді атқару керек деген сауалға қара сөздің хас шебері Ғабит Мүсірепов: “Судың тазалығын үйретейік, желдің еркелігін үйретейік, ағаштардың жайқалуын үйретейік, күннің жылылығын үйретейік. Балаларымызды әуелі ата-ананың мейіріміне, махаббатына бөлейік!” деп жауап берген екен. Шынында, ұстаздың ұрпақ тәрбиесіндегі алатын орны ерекше. Олардың алдынан шыққан әр бала ұлттың болашағы, мемлекетіміздің алтын тірегі екені рас.  

15 16“Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы”, – деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, білімі мықты, білігі жоғары жаңашыл ұстаз Ж.Досмұхдиректором амбедов атындағы педагогикалық колледж  директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясының және Халықаралық ақпараттандыру  Академиясының академигі Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы биыл 70 жасқа толды.

Қараша айының 25-і күні Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіміздің қабырғасында кездесу кеші ұйымдастырылып, профессордың ғылыми еңбектеріне арналған мазмұнды көрме қойылды. Кездесу ғалымның өмір жолы мен ғылыми белестеріне арналып, «Жоғары және орта білім беру бағдарламаларын жаңарту жағдайында кәсіби құзыретті маман даярлау жолдары» атты ғылыми-тағылымдық дөңгелек үстел формасында өтті. 

 

Ғылыми кітапхана

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua